Азаматтардың жеке санаттарына көмек көрсету туралы Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 64-1 бабы 3) тармақшасы,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасы, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 11, 16 баптарына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20 бабына, «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 2-4с шешіміне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 4-5с шешіміне (тіркеу № 13-13-63, 2008 жыл 29 сәуір) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша мұқтаж етуші азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмектің келесі түрі бекітілсін:
Тармақша 1
1) Кішкенекөл селосында тұратын мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға үш жүз елу теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. «Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап тағайындалады және өтінушінің қайтыс болуы немесе Кішкенекөл селосынан тысқары жерге көшіп кеткеніне байланысты тоқтатылады. Осындай жағдайлар болған айдың келесі айынан бастап төлемақы тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша мұқтаж етуші азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.