О социальной поддержке подростков решением комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав направленных на обучение в бюджетную группу при Костанайском сельскохозяйственном колледже Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің жанындағы бюджеттік топта оқытуға бағытталған жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 15-бабының 2-тармағының, 5-тармақшасына, 5-бабының 5-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар қараусыздығы мен панасыздығын ескерту туралы» Заңының 8-бабының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданы мәслихатының «Қостанай ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тіркелімінде 2007 жылы 27 желтоқсанда 9-14-64 нөмірімен тіркелген, аудандық «Көзқарас-Взгляд» газетінің 2008 жылғы 11 қаңтарында № 1 санында жарияланған) 2007 жылғы 21 қаңтардағы № 22 шешімін орындауға Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, үкімді кейінге қалдырумен сотталған тұлғаларды, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, шешімі бойынша, Қостанай ауданы әкімиятының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі топта есепте тұрған қиын мінез-құлықты, ақыл-ойы дамуы тежелген, мектептен шығарылған, бірыңғай ұлттық тестілеуге қатыспаған жасөспірімдерді және белгілі бір себептермен жалпы орта білім беретін мектепте негізгі және орта білім ала алмай жүрген және Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің бір жылдық бюджеттік тобында оқитын азаматтардың өзге де санаттарын оңалту үшін, оларға кәсіби дайындық алуына көмектесу мақсатында Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің бұйрығы және бірінші жартыжылдыққа - 952800 (тоғыз жүз елу екі мың сексен) теңге сомасындағы, екінші жартыжылдыққа - 1429200 (бір миллион төрт жүз жиырма тоғыз мың екі жүз) теңге сомасындағы шығындар сметасы негізінде Қостанай ауданы әкімиятының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2007-2008 оқу жылына 2382000 екі миллион үш жүз сексен екі мың) теңге сомасында төлем жүргізсін.
Тармақ 2
2. Төлем ағымдағы айда сабақтарға қатысу нәтижелері бойынша жүргізілсін. Анықталсын: дәлелді себептерсіз бес күн бойы сабаққа бармаған оқушыларға төлем жүргізілмесін.
Тармақ 3
3. Оқуға төлем 16 жасқа толған тұлғаларға тапсырылған жеке куәлік негізінде, ал 16 жасқа толмаған тұлғаларға оқушының жеке өтініші негізінде өндірістік білім беру шебері арқылы жүргізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.