Ескелді ауданының аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерін елді-мекен жерлеріне кіргізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ескелді ауданының аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерін елді-мекен жерлеріне кіргізу туралы Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, 108 бабының 5 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңындағы 6 баптың 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ескелді ауданы Қарабұлақ кенттік округінің шекарасына "Хильниченко және К" сенім серіктестігінің 7 га суармалы егістік жер учаскесі енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қарабұлақ кенттік округінің шекарасы N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Алпысбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.