О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о взаимном признании в пределах территорий, приграничных с Республикой Казахстан, районов Иссыккульской, Таласской, Чуйской областей Кыргызской Республики и, приграничных с Кыргызской Республикой, районов Алматинской, Жамбылской областей Республики Казахстан туристских виз Республики Казахстан и Кыргызской Республики, выдаваемых для граждан третьих государств Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін туристік визаларын өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы Бішкекте 2007 жылғы 26 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін туристік визаларын өзара тану туралы келісім ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін туристік визаларын өзара тану туралы КЕЛІСІМ Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, достық тату көршілік қатынастарын дамыту, кіру туризмін дамытуға ықпал ету және Тараптар мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ниетін басшылыққа ала отырып, Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде үшінші мемлекеттер азаматтарының кіруіне, жүріп-тұруына және шығуына оңтайлы жағдай жасау қажет деп санай отырып, осы мақсаттарға қол жеткізудің тиімді құралдарының бірі ретінде туризм мәселелері бойынша ынтымақтастық пен жедел өзара іс-қимылды тани отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Әрбір Тарап Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде дипломатиялық арналар арқылы белгіленетін және келісілген, екінші Тарап мемлекетінің құзыретті органдары үшінші мемлекеттердің азаматтарына беретін туристік визаларды таниды.
Бап 2. 2-бап
2-бап Үшінші мемлекеттердің азаматтарына Тараптардың әрқайсысының мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес оның аумағына кіру, онда болу және шығу үшін берілетін туристік визалар олардың иелеріне визалардың қолданылу мерзімі бойында кедергісіз көп жақты өткізу пункттері арқылы, шетел азаматтарының баруы үшін жабық аумақтарды қоспағанда, Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарына және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарына кіруге және шығуға құқық береді.
Бап 3. 3-бап
3-бап Қазақстан Республикасының немесе Қырғыз Республикасының туристік визалары бар үшінші мемлекеттер азаматтарының кіру және тіркелу тәртібі болатын мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында жүзеге асырылады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптар өз мемлекеттерінің аумақтарында үшінші мемлекеттер азаматтарының болуына байланысты, оның ішінде туристік визаларды ресімдеу тәртібі, консулдық алым тарифтері, сондай-ақ паспорт-визалық құжаттар үлгілері жөніндегі мәселелер бойынша ақпарат алмасады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады.
Бап 6. 6-бап
6-бап Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді және екінші Тараптың осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын Тараптардың бірі алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады. 2007 жылғы 26 сәуірде Бишкек қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін 2007 жылғы 26 сәуірде Бишкек қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының және Қазақстан Республикасы Алматы, Жамбыл облыстарының Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандарының аумақтары шегінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін туристік визаларын өзара тану туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқық департаментінің Басқарма бастығы Ж. Бұхбантаев