Жалағаш ауданы көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі, жазаға сотталғандар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалағаш ауданы көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі, жазаға сотталғандар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы “Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі кодексінің 42 бабына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жалағаш ауданы көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН»
Басқа 3
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 ақпандағы №395 қаулысына қосымша Жалағаш ауданы көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
Тармақ 1
1. Аумақ күтімі, қар мен қоқыстан тазалау, қатқан мұзды ою және тазарту. Жиек тастарды және ағаштардың түбін әктеу, ағаштардың бұтақтарын қиып күтім жасау.
Тармақ 2
2. Тал мен гүл отырғызу, екпе шөп егу, екпе шөптерді күту және күзету, арам шөптерді жұлу.
Тармақ 3
3. Ғимарат тазалығы, ғимараттың ішкі күтімі, ғимараттың ағымдағы күтіміне көмектесу, ішкі және сыртқы қабырғаларын әктеу.
Тармақ 4
4. Курьерлік жұмыс, дайындалған құжаттарды тігуіне көмектесу.
Тармақ 5
5. Бау-бақша алаңдарын дайындауға және көкөніс өсіруге көмектесу.
Тармақ 6
6. Су құбырлары желілері бойындағы су ағар нүктелері аумағын тазарту, қатқан мұзды ою және тазарту.
Тармақ 7
7. Егіндікті арам шөптерден тазалау.