Елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасы негізінде және Қопа, Шитүбек, Қалмаққырған, Ақжар елді мекендерінің тұрғындарының конференцияларының хаттамасына сәйкес Кеңестуы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қопа ауылының атаулары жоқ: N 1 көшесіне "Ақбұлақ көшесі"; N 2 көшесіне "Ықсан Ниетов атындағы көше"; N 3 көшесіне "Орталық көшесі"; N 4 көшесіне "Саябақ көшесі"; N 5 көшесіне "Мектеп көшесі"; N 6 көшесіне "Талшын Ержанова атындағы көше" деген атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Шитүбек ауылының атаулары жоқ: N 1 көшесіне "Ербөлек ата көшесі" атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Қалмаққырған ауылының атаулары жоқ: N 1 көшесіне "Теміржолшы көшесі"; N 2 көшесіне "Сара Бекниязова атындағы көше" атаулары берілсін.
Тармақ 4
4. Ақжар ауылының атауы жоқ: N 1 көшесіне "Завод көшесі" атауы берілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариаланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.