Қолданыстағы ред. 22.02.2017

"Қызылжар" мөлтек ауданындағы көшеге атау беру туралы от 12.06.2008 г. № 204 ("Қызылжар" мөлтек ауданындағы көшеге атау беру туралы)

0

"Қызылжар" мөлтек ауданындағы көшеге атау беру туралы
Қазақстан Респуликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармақшасына сәйкес Шұбарқұдық ауылдық округі Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Шұбарқұдық ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, "Астана қаласының 10 жылдығы" мерекесі қарсаныңда, Шұбарқұдық ауылы "Қызылжар" мөлтек ауданындағы беткі бірінші көшеге "Астана" атауы берілсін.

2

2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.