Алтықарасу, Еңбекші, Сартоғай ауылдарының көшелерін атау туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтықарасу, Еңбекші, Сартоғай ауылдарының көшелерін атау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтар N 148 " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " Заңның 35 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес Алтықарасу, Еңбекші, Сартоғай халқының пікірін ескере отырып Алтықарасу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алтықарасу ауылының атаулары жоқ N 1 көшеге Қызыл керуен N 2 көшеге С. Аманғосов N 3 көшеге Қарабас N 4 көшеге Астана N 5 көшеге Қарағанды N 6 көшеге Тасқабақ Еңбекші ауылының атаулары жоқ N 1 көшеге Еңбекші N 2 көшеге Шығырлы N 3 көшеге Шилітоғай N 4 көшеге Қаракемер Сартоғай ауылының атаулары жоқ N 1 көшеге Нұрлепес ата N 2 көшеге Мектеп N 3 көшеге Абай деген атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он тізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.