Қолданыстағы ред. 27.12.1997

Республика Президентінің «Қазақстан халқына Жолдауына» сәйкес облыстағы көп балалы отбасыларын әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстар туралы от 27.12.1997 г. № 218-I (Республика Президентінің «Қазақстан халқына Жолдауына» сәйкес облыстағы көп балалы отбасыларын әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстар туралы)

0

Республика Президентінің «Қазақстан халқына Жолдауына» сәйкес облыстағы көп балалы отбасыларын әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыстар туралы
Облыстық мәслихаттың XIX сессиясы Республика Президентінің «Қазақстан халқына Жолдауына» көп балалы отбасыларына нақты көмек көрсету таяудағы жылдарға қойылып отырған маңызды міндеттердің бірі деп есептейді. Облыста бұл бағытта бірқатар істер тындырылуда. Бұған 1995 жылғы 30 мамырдағы «Көп балалы отбасылары мен жалғыз ілікті аналарды әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмыс туралы» сессия қаулысы да септігін тигізді. Халықтың тұрмысы кем топтарын әлеуметтік қорғауда жыл сайын облыстық бағдарлама қабылданып, орындалысы кағалануда. Осымен бірге өткен жылы күнкөрісі төмен әйелдер мен отбасыларының жағдайын жақсарту шаралары жөнінде 1996-1997 жылдарға арналған облыс әкімінің шешімін орындауда нақтылы жұмыстар жүзеге асырылды.
Жергілікті әкімдер әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар мен бірлесіп көп балалы отбасыларын қорғаудың нақты шараларын алуда. Кп балалы отбасыларының әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі мәселелер жергілікті әкімдердің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының алқа мәжілістерінде, Президент Жарлықтары мен Республика үкіметінің қаулыларының орындалуын бақылау комиссияларында жүйелі қаралып отырады.
Көп балалы отбасыларына көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар зейнетақы мен жәрдемақыға қосымша төлейді, материалдық көмек түрінде азық-түлік өнімдерін беру, көмір, пәтерлерін жөндеу т.б. едәуір қолдау көрсетуде.
Қаржылай көмек берудің әртүрлі кездері бойынша 1996 жылы 6498 көп балалы және жалғызілікті отбасыларына II,0 млн.теңгенің, ал 1997 жылы 3759 жанұяға 5, I млн.теңгенің көмегі берілді.
Сонымен қатар сессия шағын экономикалық жәрдемдер көрсету жөніндегі шаралар көп балалы отбасыларының тұрмыс дәрежесінің төмендеуін тоқтата алмағанын атап көрсетеді.Беріліп келе жатқан материалдық көмек олардың тұрмыс жағдайларын елеулі жақсарта алмауда, көп жағдайда аса қажетті азық-түлік тұтыну бұйымдарын алуға қызмет түрлерін тиімді пайдалануға жағдай туғызбайды.
Облыстын кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарынаң қысқаруы салдарынан соңғы жылдары әйелдерді жұмысқа орналастыру ішінде еңбек биржасында тіркелгендердің ішінен тек қана 208 көп балалы ана жұмысқа орналастырылды, бұл жұмыс іздеген көп балалы аналардың 8,7 проценті ғана құрайды.
Тұрмысы төмен отбасыларының балалары киетін киім болмағандықтан мектепке бара алмай отырған жәйлары да бар.
Облыстық Мәслихаттың XIX сессиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қаланың аудандардың әкімдеріне және қалалық, аудандық мәслихаттарға:
-көп балалы отбасыларын әлеуметтік қорғау жөніндегі заң актілерін толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
-көп балалы отбасыларын әлеуметтік қорғау жөніндегі 1998 жылға арналған бағдарлама қабылдау;
-күн көрісі төмен көп балалы жанұялардың тұрмыс жағдайлары жан-жақты тексерліп, олардың денсаулықтарына назар аудару;
-әлеуметтік көмекті қажет ететін нашар қамтылған көп балалы отбасыларының селолық округтер бойынша нақтылы тізімдері болуы;
-материалдық көмек керек ететін, күн көрісі төмен отбасыларына нақтылы жәрдем көрсету үшін қайырымдылық қорларын құруды қолға алу;
-көп балалы, жалғызілікті аналарды, тұрмысы кем отбасыларын әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс жасайтын комиссиялардың жұмысын жандандыру;
-көп балалы отбасыларына көмек көрсетудегі қайырымдылық қорларынан жұмысын реттеу тапсырылсын.

2

2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Бас басқармасына (Ахмедов Ж.Н.):
-бұл санаттағылардың зейнетақымен қамту жұмысын жақсарту, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мен төлеудегі кемшіліктерді жою шараларын алсын;
-жергілікті әкімшіліктердің шешімімен көп балалы аналар үшін бөлінген облыс кәсіпорындары мен ұйымдардағы жұмыс орындары үлесінің сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету талап етілсін.

3

3. Меншіктің барлық нысанасындағы кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына ең алдымен көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетудің барлық мүмкіндіктерін пайдаланып оларға тұрақт негізде көмек көрсетіп отыру, әйелдерді еңбекке орналастыруға қамқорлық жасау тапсырылсын, табысы аз отбасыларына қолдау көрсету мәселелері жөніндегі жұмыс берушілер мен кәсіподақ комитеттерінің өзара міндеттемелерін ұжымдық шарттарға енгізілетін болсын.

4

4. Облыс әкімі жанындағы отбасы, әйел және демография саясаты мәселелері жөніндегі облыстық кеңесі отбасын, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметін жетілдіру, әйелдердің бала тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыр, қоғамдағы әйел мен отбасы жағдайын жақсартуды қызметінің өзегі ететін болсын.

5

5. Облыстық қаржы басқармасы (Шанкиев А.К.) әлеуметтік қорғау бағдарламаларының орындалуына дер кезінде қаржы бөліп отыру тапсырылсын.

6

6. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне (Табылдиев Х.Б.) Қазақстан Республикасының мәдениет, білім және денсаулық Министрлігіне аз қамтылған балалы отбасыларының дарынды балаларын облыстың жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарына жеңілдікпен оқуға түсіру мәселелерін шешу жүктелсін.

7

7. Облыстық білім беру басқармасына (Өмірбекова Ж.Б.) аз қамтылған көп балалы және жалғыз басты отбасыларының балаларын бала-бақшаларға бірінші кезекте орналастыру тапсырылсын.

8

8. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат және ұлт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына:
- «Күміс алқамен» марапатталған аналардың мәртебесін белгілеу үшін Республика Парламентіне ұсыныс түсіретін болсын;
- «Қазақстан Республикасында зейнетакымен қамсыздандыру туралы» Заңындағы 9 баптың 3 тармағындағы «Ауылдық жерде тұратын 5 және одан да көп бала тауып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланыстызейнетақы алуға құқылы» деген бөлігін тұрған жеріне қарамай тарату туралы өгеріс енгізуді Республика Парламентіне ұсынсын.

9

9. Облыстық «Атырау» (Қуанышбаев Қ.Ш), «Прикаспийская коммуна» (Монастырская Л.М.) газеттерінің редакцияларына, облыстық телерадиохабарлары компаниясына (Берішбаев Т.С.) күн көрісі төмен отбасыларына әлеуметтік қамқорлық көрсетушілер жайында жиі-жиі хабарлар ұйымдастырып тұру, әлеуметтік шараларды шешу жөніндегі кәсіпорындар мен ұйымдар, еңбек ұжымдарының ұнамды тәжірибесін қолдап отыру тапсырылсын.

10

10. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыстық Мәслихаттың әлеуметтік саясат және ұлт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Кәрин) жүктелсін.