Қызылқоға ауданы бойынша әлеуметтік инфрақұрылымдар мен тұрмысы нашар жанұяларға қаржылай көмек көрсету туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылқоға ауданы бойынша әлеуметтік инфрақұрылымдар мен тұрмысы нашар жанұяларға қаржылай көмек көрсету туралы Қақастан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының 14 тармақшасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар жаңұяларға қаржылай қолдау көрсету мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. №1 қосымшаға сәйкес Қызылқоға ауданы бойынша әлеуметтік инфрақұрылымдар мен тұрмысы нашар жаңұяларға қаржылай қолдау көрсетуді жүзеге асырудың тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қорына әлеуметтік инфрақұрылымдық мен тұрмысы нашар жаңұяларға қаржылай көмек көрсетуге демеушілерден түскен қаржыны бөлу жөнінде комиссия құрылсын (№2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісемін: Аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қорының директоры: М. Берденов 06.06.2008 ж. Облыстық «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қызылқоға аудандық филиалының бастығы Қ. Абдрахманов 06.06.2008 ж. Аудандық мәслихат депутаты М. Сүлейменов 06.06.2008 ж. Зейнеткер, «батыр ана» Б. Жүрекбаева 06.06.2008 ж.
Басқа 5
Аудан әкімиятының 2008 жылғы «9» маусымдағы № 128 қаулысымен бекітілген № 1 қосымша Қайырымдылық көмек көрсетуді жүзеге асырудың тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже Осы тәртіп 2003 жылғы 26 маусымдағы құрылтайшылар жиналысында бекітілген «Қамқорлық» қоғамдық қоры жарғысы негізінде жасақталды.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрмысы нашар жанұяларға қолдау көрсету ауданның әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарына аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қорына демеушілерден түскен қаржы есебінен олардың арызы бойынша жылына бір рет төленеді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың арыздарын қарау үшін аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қоры жанынан арнайы комиссия құрылады.
Тармақ 3
3. Комиссияға мынадай құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың арызы;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) салық төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) арыз берушінің материалдық тұрмыстық жағдайына зерттеу жүргізген жергілікті округ жанынан құрылған әлеуметтік комиссияның актісі;
Тармақша 6
6) арыз берушіге көмек беруге немесе бермеу жөнінде дәләлденген округ әкімінің ұсынысы;
Тармақша 7
7) кандай жағдайларына байланысты көмек сұрайтындығын дәлелдейтін анықтама немесе қосымша құжаттар керек болуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қажетті құжаттар түскеннен кейін комиссия азаматтардың арыздарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы шешім қабылдайды. Қажет деп тапса, көмектің кесімді шегі және мөлшерін анықтайды.
Тармақ 5
5. Комиссия шешіміне хаттама жасақталып арыз беруші міндетті түрде таныстырылып қолы қойылады.
Тармақ 6
6. Комиссия мұқтаж азаматтарға қаржылай көмектің дұрыс тағайындалуына жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрмысы нашар жанұяларға қаржылай қолдау көрсету, осы мақсат үшін түскен демеушілерден түскен қаржылар есебінен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қорына түскен қаржыға байланысты комиссия отырысы қажеттілігіне қарай айынабір рет өткізіліп, берілуге тиісті қаржы көлемі анықталып, алушылардың тізімі жасақталып аудандық «Казпочта» торабына аударылады және кейбір жағдайларда қолма-қол берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрмысы нашар жаңұяларға қаржылай берген көмектердің есебін жүргізу, бақылау және тиісті органдарға есеп беруді жүзеге асыру аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қоры директорына жүктеледі.
Тармақ 2
2. Демеушілерден түскен қаржының 50 пайызына дейінгі мөлшеріндегі үлесі аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қорының штатын ұстау, әр түрлі салық төлемдері, банк қызметі, телефон байланысы тағы басқа төлемдерді төлеу және қорды ұстау үшін резервке қалдырылады.
Тармақ 3
3. Қордың қызметін құрылтайшы тағайындайтын тексеруші және Қазақстан республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар бақылай алады.
Тармақ 4
4. Тұрмысы нашар жанұяларға қаржылай қолдау көрсету үшін бөлінген төлемдердің дұрыстығын және мезгелінде төленуін бақылау аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қоры директорына міндеттеледі.
Басқа 29
Аудан әкімиятының 2008 жылғы «9» маусымдағы № 128 қаулысымен бекітілген № 2 қосымша Аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қорына әлеуметтік инфрақұрылымдар мен тұрмысы нашар жанұяларға қаржылай көмек көрсетуге демеушілерден түскен қаржыны бөлу жөнінде комиссия құрамы: Шаяхметов Бибоз Байдәулетұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Берденов Мысырғали – аудандық «Қамқорлық» қоғамдық қорының директоры, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Комиссия мүшелері: Абдрахманов Қамидолла – облыстық «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қызылқоға аудандық филиалының бастығы (келісім бойынша); Әбдіғали Сәуірбай Жуалбайұлы – аудандық құрылыс бөлімінің меңгерушісі; Жексенғалиева Самал Ашықбайқызы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі; Жүрекбаева Балғаным – зейнеткер, «Батыр ана» (келісім бойынша); Сүлейменов Мәлік – аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша).