О дополнительных мерах по социальной поддержке репатриантов (оралманов) Күшін жойған
Басқа 0
Репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
«2000 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының негізгі бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы наурыздағы 3419 Жарлығына және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қала, аудан, селолық округ әкімдеріне үстіміздегі жылдың екінші тоқсаны ішінде репатрианттар (оралмандар) отбасының тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізсін, және осы отбасыларын әлеуметтік қолдау жөнінде шаралар қабылдасын, қосымша жеңілдіктер мен атаулы көмекті күшейте түсетін өтемақылар белгілеу мүмкіндігін қарастырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (О.А. Киколенко) көші-қон және демография жөніндегі облыстық бөлім (А.А. Қаражанов) репатрианттарға (оралмандарға) жұмысқа орналасуда, жұмыссыз ретінде тіркелуде, жұмыссыздық жөнінде материалдық көмек алуда, балаларға жәрдемақы тағайындауда және алуда көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысының шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департаменті (М.К. Күржікаев) аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қор (И.П. Аронова) Қазақстан Республикасының азаматтығын алған репатрианттарға (оралмандарға) мал сатып алу, халықтық кәсіпшілікті қайта түлету және олардың арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін мақсатты шағын несие бөлуді қарастырсын (1 қосымша).
Тармақ 4
4. Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті (Қ.С. Бисетаев), жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитет (М.Қ. Дихаев) жеке шаруашылық ұйымдастыру үшін көші-қон жер қорынан репатрианттарға (оралмандарға) жер учаскелерін бөлуді қамтамасыз етсін, шаруа және фермерлік шаруашылықтар ұймдастыруда, оларды тұқыммен, ЖЖМ-мен, техникамен қамтамасыз етуге көмек көрсетсін (2 қосымша).
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы» ереженің 6-тармағына сәйкес репатрианттарға (оралмандарға) мемлекеттік тұрғын үй қорының олар кіріп отырған жайларын меншігіне өтеусіз беру мәселесін қарауда қалалық, аудандық мәслихаттарға ұсыныс жасалсын (3 қосымша).
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау көші-қон және демография жөніндегі облыстық бөлімнің бастығы А.А. Қаражановқа жүктелсін.
Басқа 7. Репатрианттарға (оралмандарға) мал сатып алу, халықтық кәсіпшілікті қайта түлету және кәсіпкерлікті дамыту үшін мақсатты шағын несие бөлудің
ТӘРТIБI
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 3 мамырдағы
116 шешіміне 1 қосымша
Репатрианттарға (оралмандарға) мал сатып алу, халықтық кәсіпшілікті қайта түлету және кәсіпкерлікті дамыту үшін мақсатты шағын несие бөлудің
ТӘРТIБI
Тармақ 1
1. Көші-қон және демография бөлімі шағын несие алуға тілек білдірген репатрианттарды (оралмандарды) іріктеп алу жүргізеді, кезекке қою тізімін жасайды және аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға жазбаша өтініш пен тізімді жібереді.
Тармақ 2
2. Шағын несие алу үшін репатрианттар шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департамент, аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қор белгілеген қажетті құжаттарды тапсырады.
Тармақ 3
3. Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департамент, аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қор репатрианттар жобаларына іріктеу және талдау жүргізеді, несие бөлу туралы шағын бизнесті дамыту жөніндегі жобаларды талдау мен іріктеп алатын облыстық комиссияға ұсыныс енгізеді.
Тармақ 4
4. Көші-қон және демография бөлімі шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департаментпен және аз қамтылған азаматтарды қолдау женіндегі аймақтық қормен бірлесе отырып, несиелердің мақсатты пайдалануы үшін бақылау жасауды жүзеге асырады.
Басқа 12. Репатрианттарға (оралмандарға) көші-қон жер қорынан жер учаскелерін берудің, шаруа шаруашылықтарын ұйымдастыруға көмек көрсетудің, оларды тұқыммен, ЖЖМ-мен және техникамен камтамасыз етудің тәртібі
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 3 мамырдағы
116 шешіміне 2 қосымша
Репатрианттарға (оралмандарға) көші-қон жер қорынан жер учаскелерін берудің, шаруа шаруашылықтарын ұйымдастыруға көмек көрсетудің, оларды тұқыммен, ЖЖМ-мен және техникамен камтамасыз етудің тәртібі
Тармақ 1
1. "Көші-қон жер қорын құрудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 тамыздағы 868 Қаулысына сәйкес халықтың көші-қонының жергілікті органдары жер ресурстарын басқару органдарымен бірлесе отырып жер учаскелер ін алуға мүдделі репатрианттардың арыздарын қарайды және нақты тұлғаға жер учаскесін беру туралы аудан әкіміне ұсыныс енгізеді.
Тармақ 2
2. Аудан әкімі көші-қон жер қорынан жер учаскесін алады және оны өзінің шешімімен тиісті ауданның аумағына көшіп келген немесе бұрыннан тұрып жатқан репатриантқа (оралманға) береді.
Тармақ 3
3. Жерді тұрақты пайдалану немесе бір бөлігін пайдалану құқын беретін мемлекеттік актіні ресімдеуді жер ресурстарын басқарудың аумақтық органдары жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Облыстың ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті және жергілікті жердегі органдары репатрианттарға (оралмандарға) шаруа және фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыруда, мал тұқым және ЖЖМ сатып алуда көмек көрсетеді, келісім-шарт негізінде тұқымнан ссуда бөлудің мүмкіндігін қарайды.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті көші-қон және демография бөлімімен бірлесе отырып жерді пайдаланудың есебі мен бақылау жасауын жүргізеді.
Басқа 18. Репатрианттарға (оралмандарға) олар тұрып
жатқан тұрғын жайларды меншіктеріне өтеусіз берудің
ТӘРТIБI
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 3 мамырдағы
116 шешіміне 3 қосымша
Репатрианттарға (оралмандарға) олар тұрып
жатқан тұрғын жайларды меншіктеріне өтеусіз берудің
ТӘРТIБI
Тармақ 1
1. Көші-қон және демография бөлімі репатрианттар (оралмандар) тұрып жатқан тұрғын жайлардың меншік иелерін анықтайды, осындай ұйлер мен пәтерлердің тізімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған репатрианттардың (оралмандардың) тізімін жасайды және оларды қала және аудан әкімдерінің аппараттарына береді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған репатрианттар (оралмандар) тұрғын үйді жекешелендіру туралы арызымен көші-қон және демография бөліміне келеді. Көші-қон және демография бөлімінің өтінішімен репатрианттардың (оралмандардың) арызы тұрған жерлеріндегі аудан (қала) әкіміне жіберіледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ереженің" 6-тармағына сәйкес тұрғын жайларды меншік иесіне өтеусіз беруге рұқсат ету туралы мәселені қала және аудан әкімдері мәслихаттардың қарауына енгізеді.
Тармақ 4
4. Мәслихаттардың шешімдері негізінде қала және аудан әкімдері репатрианттардың (оралмандардың) меншігіне тұрғын жайларды өтеусіз беру туралы шешім қабылдайды.