Көшелерді қайта атау туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерді қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Сұлукөл ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сұлукөл ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Сұлукөл ауылының кейбір көшелері қайта аталсын.
Тармақша 1
1) Гагарин көшесі – Д. А. Қонаев есімімен;
Тармақша 2
2) Ленин көшесі – Тың дала көшесі;
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.