Қолданыстағы ред. 07.04.2017

Көшелерге атау беру туралы от 23.06.2008 г. № 4 (Көшелерге атау беру туралы)

0

Көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Қарабұтақ ауылдық округ Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жарөткел ауылдық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жарөткел ауылының көшелеріне төмендегі атаулары берілсін:

1

1) Қуандық Шаңғытбаев – 1925 жылы Жарөткел ауылында туған. Ақын, драматург, аудармашы. Қазақтың халық жазушысы.

2

2) Әлия Молдағұлова – Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған. Қазақтың қаһарман батыр қызы. 1944 жылы 15 мамырда Псков облысы, Новосокольники станциясындағы шайқаста мерт болған. Кеңес одағының батыры.

3

3) Жақсыбай Есентеміров – Қарабұтақ орта мектебінің түлегі. 1983 жылы әскер қатарына алынып, Ауғаныстан жерінде ерлікпен қаза тапқан. "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталған.

4

4) Тахауи Ахтанов – Қазақтың халық жазушысы, кітаптары көптеген шет тілдерге аударылған. Танымал тұлға.

2

2. Еңбекту ауылы тұрғындарын пікірін ескере отырып, Еңбекту ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:

1

1) Жалпы Ордабаев – 1908 жылы туған. Өзі басқарған шаруашылықта мал басын көбейтуге, егін шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі нәтижесінде 1949 жылы Социолистік Еңбек Ері атағына ие болған. 1998 жылы қайтыс болған.

2

2) Нұрман Әлдекешов – мал шаруашылығын дамытуға үлес қосып, жастарды кәсіпке баулап тәлімгерлік жасаған. Еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін 1948 жылы Социолистік Еңбек Ері атанған.

3

3. Белқопа ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Белқопа ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:

1

1) Жолай Жүсіп - өте мырза болған жан. "Мырзалығың Жолайдың Жүсібіндей болсын" деген сөз қалған артында. 27 жасында қайтыс болған. Мазары Белқопада.

2

2) Құдайбергенов Өтеу – 1901 жылы туған. Партия – кеңес қызметкері. Оның басқаруындағы ұжымдар соғыстан кейінгі бесжылдық жоспарды асыра орындаған. Осы көрсеткіш нәтижесінде оған 1946 жылы Социолистік Еңбек Ері атағы берілген. 1956 жылы қайтыс болған.

3

3) Досбосынов Балпен – 1889 жылы туған. Белқопа өнірінің алғашқы мұғалімі. 1966 жылы қайтыс болған.

4

4. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі