Көшелер атауын өзгерту туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелер атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Жамбыл ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жамбыл ауылының кейбір көшелері қайта аталсын:
Тармақша 1
1) Ленин көшесін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, философ Абай Құнанбаевтың есімімен;
Тармақша 2
2) Советская көшесін қоғам қайраткері, Қазақстан мәдениет министрі болып халқына адал қызмет атқарған Темірбек Жүргенов есімімен.
Тармақша 3
3) Бұрынғы Абай Құнанбаев көшесін Т.Шевченко көшесімен біріктіріп бір ғана көше Т.Шевченко есімімен;
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі