Көшелерге атау беру туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, сәйкес Басқұдық ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Басқұдық ауылдық округіне қарасты Сарбұлақ елді мекенінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, Сарбұлақ елді мекені көшелеріне атау берілсін:
Тармақша 1
1) "Шаруашылық" көшесі – бұрын Сарбұлақ елді мекенінің колхоздастыру кезіндегі атауы болғандықтан.
Тармақша 2
2) "Мамыт" көшесі – Сарбұлақ елді мекенінің жаз жайлауы мен қыс қыстауының жалпылама атауы болғандықтан.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі