Жаңаөзен қаласының шағынаудандарындағы көшелерге ат қою және қалалық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаөзен қаласының шағынаудандарындағы көшелерге ат қою және қалалық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қала халқының Жаңаөзен қаласының шағынаудандарында жаңадан пайда болған көшелерге ат қою туралы талаптарын (пікірлерін), қалалық ономастикалық комиссиясының осы мәселелер жөніндегі ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Респубдикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және қалалық КАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қаласының шағынаудандарындағы жаңадан пайда болған көшелерге (бұған дейін нөмірленіп келген) төмендегідей аттар қойылсын: «Арай » шағынауданы бойынша : № 15 көшеге - Диас Жұмашев № 12 көшеге - Мектепбай Айтманбетов «Бостандық» шағынауданы бойынша : № 9 көшеге- Ғариполла Қайсағалиев № 14 көшеге - Бэйдеш Нұрбаев № 15 көшеге - Шернияз Маханбетов
Тармақ 2
2. Қалалық мәслихаттың және қалалық әкімдіктің 2004 жылғы 31 мамырдағы «Қаланың шагынаудандарындағы көшелерге ат қою туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1708- нөмірімен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2004 жылғы 19 тамыздағы № 38 санында жарияланған ) № 7/47 шешіміне және № 222 қаулысына мына өзгеріс енгізілсін мынадай; «Мамыр» шағынауданы бойынша № 1 көше-Есенғали Бөкенбаев» деген жолдағы «Мамыр» шагынауданы бойынша №1 көше деген сөйлем «Арай» шағынауданы № 16 көше » - деп ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Қалалық мәслихаттың 2008 жылы 18 ақпандағы және қалалық 2008 жылы 22 ақпандағы «Жаңаөзен қаласының шағынаудандарындағы көшелеріне ат қою туралы» (нормативтік құқықтық мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11-2-78 нөмірімен тіркелген, Жаңаөзен» газетінде 2008 жылы 30 сәуірде № 18 санында жарияланған ) № 6/49 шешіміне және № 372 қаулысына мына өзгерістер енгізілсін: мынадай: «Мерей»шағынауданы бойынша № 44 көше -Сәнжан Боранбаев» деген жолдағы, «Мерей» шағынауданы бойынша № 44 көше деген сөйлем «Өркен» шағынауданының № 25 үйінен басталып Нәсіпқали Марабаев көшесімен қиылысатын көше »- деп ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. Жаңадан аталған көшелер аттарын жаздыртып қою қала әкіміне тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім және қаулы алгаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он кун өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сессия төрағасы М.Ибағаров