Көкпекті ауданының Көкпекті ауылындағы көше атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Көкпекті ауданының Көкпекті ауылындағы көше атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының Көкпекті ауылындағы төменде көрсетілген көшенің атауы өзгертілсін:
Тармақ 1
1. Көкпекті ауданының Көкпекті ауылындағы "Ленин" көшесінің атауы "Астана" көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбенің он күн өткен соң қоданысқа енгізіледі.