Көкпекті ауданының Самар ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкпекті ауданының Самар ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Занның 37 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік- аумақтық құрылымы туралы" Занның 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Көкпекті ауданының Самар ауылының төменгі көшелерінің атауы өзгертілсін: 1 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "Киров" көшесінің атауы "Астана" көшесі деп; 2 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "Советская" көшесінің атауы "Самарға-100 жыл" көшесі деп; 3 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "70 лет Октября" көшесінің атауы "А.М.Поплавский" көшесі деп; 4 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "Пионерский" көлденен көшесінің атауы "К.С.Раисов" көшесі деп; 5 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "Октябрьский" көлденен көшесінің атауы "Ф.П.Фролов" көшесі деп; 6 Көкпекті ауданының Самар ауылындағы "Тимуровский" көшесінің атауы "Д.М.Парий" көшесі болып өзгертілсін. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.