О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной службы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 жылғы 9 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
49-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
52-баптың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
53-баптың 1-тармағындағы "не біліктілік сыныптары" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат):
307-баптағы Ескертудің 2-тармағындағы: "сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарда белгіленген мемлекеттік қызметшілердің жоғары, бірінші және екінші лауазым санаттарына жататын лауазымда істейтін адамдар" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 3
3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат):
2-баптың 5-тармағындағы:
"сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет туралы заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметші
қызметінің жоғары, бірінші немесе екінші санаттарына жататын қызметтерді
атқаратын адамдар" деген сөздер алып тасталсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.