О сборах за право реализации товаров на рынках Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Базарларда тауар сату құқығына жиналатын алымдар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 07.04.1999 № 104 шешімімен. Облыс базарларында тауар сату құқығына жиналатын алымдардың мөлшерiне базар конъюнктурасына сәйкес келтiру, халық үшiн қолайлы жағдай жасау және бюджеттi толтыру мақсатында және "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының базарларында тауар сату құқығына жиналатын алымдар туралы" № 955 және 1996 жылғы 23 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" № 234 қаулыларын, сондай-ақ Оңтүстiк Қазақстан облыстық Мәслихаттың 1997 жылғы 7 ақпандағы "Облыс базарларында сауда жасау ережелерi туралы" № 10/120 шешiмiн басшылыққа алып:
Тармақ 1
1. Облыстың қала, аудан әкiмдерiне базарларда тауар сату құқығына жиналатын алымдардың мөлшерiн реттеу құқығы берiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмшiлiгi өнеркәсiп және сауда басқармасы /Носиков А.С./ облыс базарларының төлқұжаттандыруын өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Қала, аудан әкiмдерi салық инспекцияларымен келiсiп, заңды және жеке тұлғалардың салықтары жөнiндегi жоспарды жүзеге асыру және тауар сату құқығына дер кезiнде алымдар жинау бойынша кiдiрiссiз шара қолдансын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Қ. Iзбасқановқа жүктелсiн.