Құжат мәтініне өту

Мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы

Өзге акт · № 13-3 · қабылданған 22.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.12.2013 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-40609/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 13-3 ·22.04.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы

ҚАЗМемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 13-3 · қабылданған 22.04.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13-3
Қабылданған күні
22.04.2008
Көрсетілген редакция
21.12.2013 · қолданыстағы AI40609_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
21.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08DH000087
ЭКБ идентификаторы
40609
Редакция идентификаторы
AI40609_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:34

0 Мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 53-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2008 жылғы 18-сәуірдегі N 7-1/506 хатының негізінде, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ауылдық елді мекендерде:

- тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін;
- жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек төленсін.

2 2. Әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз ету аудандық қаржы бөліміне тапсырылсын.

3 3. Әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімінің орынбасары М. Т. Бекетаевқа жүктелсін.