Қолданыстағы ред. 11.06.2008

Атырау қаласында ыссы су мен салқын суды пайдалану нормасы туралы от 11.06.2008 г. № 650 (Атырау қаласында ыссы су мен салқын суды пайдалану нормасы туралы)

0

Атырау қаласында ыссы су мен салқын суды пайдалану нормасы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су Кодексінің 81, 90 баптарын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 бабы 1 тармағының 19 тармақшасын және 1-2 тармағын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы ҚНжЕ 4.01-02-2001 «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер және құрылғылар» және ҚНжЕ 4.01-02-2006 «Ғимараттарды ішкі су құбыры және канализациясы» талаптарына сәйкес, Атырау қаласының ыссы су мен салқын суды пайдалану жүйесін тәртіпке келтіру мақсатында, қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Атырау қаласының және қала аумағындағы елді мекендердің ыссы және салқын суды тұтыну нормалары бекітілсін (қосымша).

2

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Ә. Нұрлығожиевке жүктелсін.
Жобаны ұсынушы:
Қалалық тұрғын үй-куммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі
және автокөлік жолдары бөлімінің
бастығы
С. Тұрдалиев
Келісілді
Қала әкімінің орынбасары
А. Әбдіров
Қала әкімінің орынбасары
Ә. Нұрлығожиев
Қала әкімінің орынбасары
Б. Иманғалиев
Қала әкімі аппаратының жетекшесі
Н. Ожаев

4

Қалалық әкімиятының
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 650 қаулысына қосымша
Атырау қаласы мен қала маңы елді-мекендері тұрғындарының суды тұтыну нормалары

Атауы
Өлшемі
Судың литрлік шығыны
1
Көшелік су тарату кранынан (колонка) су алу
тәулігіне 1
тұрғынға
50
2
Канализациясы жоқ су құбыры бар тұрғын үйлер
тәулігіне 1
тұрғынға
75
3
Су құбыры мен канализация бар тұрғын үйлер (ваннасы жоқ)
тәулігіне 1
тұрғынға
120
4
Орталықтандырылған ыстық, салқын сумен қамтылған, канализация бар, қол ыдыс жуғыш, ваннамен жабдықталған, биіктігі 75 м-ге дейінгі көп пәтерлі тұрғын үйлер мен су құбыры, канализация мен орталықтандырылған ыстық су жүйесі бар коттедждер.
тәулігіне 1
тұрғынға
330
5
Ғимараттың абаттандырылуына жоғары талаптар қойылған биіктігі 75 м-ден артық немесе көп қабатты үйлер мен моншасы бар коттедждер.
тәулігіне 1
тұрғынға
400
6
Көп қабатты тұрғын үйлер мен электрлік су қыздырғыштары бар, газбен тез ысытатын су қыздырғышы бар және көп жерден су алынатын (соның ішінде автоматты қазандығы бар) коттедждер.
тәулігіне 1
тұрғынға
210
7
Пәтер типтес жатақханалар:
-ортақ жуынатын бөлмесі бар;
-барлық тұрғын орында жуынатын бөлмесі бар;
-барлық тұрғын орында ваннасы бар
тәулігіне 1
тұрғынға
100
120
200
8
Қонақ үйлер, қонақ үй кешендері:
-1 категориялы*
-2 категориялы**
-3категориялы***
-4 категориялы****
-5 категориялы*****
тәулігіне 1
тұрғынға
200
230
250
250
300
9
Шипажайлар мен демалыс мекемелері:
-барлық бөлмелерінде ваннасы бар шипажайлар мен демалыс үйлері
-балшық пен емдеу шипажайлары
тәулігіне 1
орынға
200
500
10
Емдік мекемелер:
-инфекциялық
-ортақ ваннасы,душы,немесе санитарлық желісі бар инфекциялық емес
-стационарлық
тәулігіне 1
орынға
240
200
200
11
Емханалар мен медициналық орталықтар
тәулігіне бір келушіге
15
12
Мектепке дейінге мекемелер:
а) жалпы үлгідегі білім мекемелері,
мектепке дейінгі тәрбие беретін кешендер
мен орталықтар:
- жартылай дайын өнімдермен жұмыс істейтін асханасы бар, балалар күндіз қатынайтын
-тамақ пісірілетін және автоматты кір жуғыш машинамен жабдықталған кір жуатын орны бар
б) жаңұялық бала бақша ескерту: балалар тәулік бойы болатын мекеме шығыны 1,81 коэффициентімен анықталады
тәулігіне 1
орынға
30
105
55
13
Балаларға арналған демелыс мекемелері
тәулігіне 1
орынға
200
14
Тұрмыстық қызмет көрсету жайлары:
а) автоматтандырылған кір жуу орындары;
б) шаштараздар;
в) қоғамдық дәретханалар
1кг құрғақ кірге
кезекшіліктегі
1 жұмыс орны 20 адам/сағ
75
60
2820
15
Мекемелер мен ұйымдарға арналған жайлар мен ғимараттар:
Ғылыми-зерттеу иституттары мен зертханалар:
-химиялық бағыттағы
-биологиялық бағыттағы
-физикалық бағыттағы
-табиғи ілімдер
тәулігіне 1
қызметкерге
16
570
370
155
16
16
Жоғары (арнаулы орта) оқу орындары
1 студент пен оқушыға
20
17
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының зертханалары
ауысымдағы 1
құралға
260
18
Жалпы білім беру мекемелері:
- бастауыш мектептер,толық орта мектептер, гимназиялар
-лицейлер
1 оқушыға
11,5
23
19
Оқу және жатақ орындары бар үйлер мен интернаттар
1 орынға
80,5
20
Жартылай дайын өнімдермен жұмыс істейтін асханасы, жаттығу залында жуынатын бөлмесі бар кәсіптік техникалық мектептер (колледждер)
1 оқушы мен мұғалімге
23
21
Дәріханалар:
-дайын дәрілер сататын
-дәрілер дайындайтын
Тәулігіне 1 жұмыс істеушіге
16
370
22
Қоғамдық тамақтану мекемелері:
Тамақ дайындау үшін:
- өз ішінде тамақтануға болатын
- үйге алып кетуге сататын
-жартылай дайын өнімдер шығаратын, соның ішінде жоғары дәрежеде дайындайтын
-ет
-балық
-жеміс
-аспаздық
1 шартты тамаққа
1 тонна
1 тонна
1 тонна
1 тонна
16
10
6700
6400
4400
7700
23
Бөлшек сауда кәсіпорындары:
-түрлі әмбебап азық-түліктер
-түрлі әмбебап азық-түлік емес
Тәулігіне бір жұмысшыға
250
16
24
Мәдени – көрініс мекемелер:
А) кинотеатрлар, кинозалдар, бейнезалдар
Б) театрлар
-көрермендер үшін
-артистер үшін
в) клубтық кешендер
г) мұражайлық-көрмелік жайлар, кітапханалар, бейнежайлар мен фотожайлар
1 орыын
1 орын
1 орын
1 орын
1 келуші
1келуші
10
10
40
10
4
25
Спорттық құрылымдар-стадиондар мен спорт залдары, жүзу бассейндері және т.б.:
а) көрермендер үшін
б) спортшылар үшін (душ қабылдау)
в) бассейнді толтыру (тазалау үшін су айналымын жасау режиміндегі)
г) мұз қабатының бастапқы құйылуы және есептелген (5см) қалыңдыққа дейін жеткізу
- мұздың үстіңгі қабатын дайындау
д) суару үшін:
-футбол алаңын
-ашық тегістік құрылымын суаруға
1 орын
1 спортсмен
ваннаның 1 тәуліктегі көлем % -нен
м²
м²
м²
м²
3
100
10
50
0,5
0,5
1,5
26
Моншалар мен емдік моншалар кешені:
- душта жуынып-шайынуымен
-сауықтыру процедурасын қолдану және душта шайыну
-жуынатын кабина
-ванна кабинасы
1 келуші
1 келуші
1 келуші
1 келуші
180
290
360
540
27
Өндірістік кәсіпорындардың тұрмыстық жайлары
ауысымдағы 1 жаңбырлатқыш торына
500
28
Сағатына 1 метр кубқа 84 кДЖ-дан артық жылу бөлетін цехтар
Басқа да цехтар
1 ауысымдағы
1адамға
«-«
45
25
29
Мүйізді ірі қара,жылқылар мен түйелер
тәулігіне 1
басқа
110
30
Қойлар мен ешкілер
тәулігіне 1
басқа
12
31
Шошқалар
тәулігіне 1
басқа
25
32
Мегежіндер мен торайлар
тәулігіне 1
басқа
60
33
Тауықтар мен үндіктер
тәулігіне 1
басқа
1,5
34
Үйректер мен қаздар
тәулігіне 1
басқа
3
35
Қояндар
тәулігіне 1
басқа
3
36
Малдәрігерлік емдеу орнында:
-ірі жануарлар
-ұсақ жандықтар
тәулігіне 1
басқа
100
50
37
Көлікжайлар:
-жеңіл автокөліктер
-жүк көліктер
-автобустар мен троллейбустар
-мотциклдер
-азаматтардың автомобилдері
-мотциклі бар азаматтардың жуу орны бар гаражы
тәулігіне 1
автомобиль
тәулігіне 1 мотоцикл
1 автомобиль
230
400
510
25
50
175
10
38
Бір процедураға не бар құралға кететін шығын:
-теміржол,автовокзал,әуежай, базарлар мен парктердегі қоғамдық дәретханалар
-писсурларды жуу
-су ішетін крандар
тәулігіне
1 клозет
сағатына
1 писсуар
сағатына
1 шашыратқы
900
36
72
39
Фотосалондар
сағатына 1 кран
60
40
Төсем кезінде топырақты тығыздау үшін траншеяларға су жіберу
- канализациялық тұрбаларды
- су құбырларын
- газ құбырларын
траншеяның 1 метріне
траншеяның 1 метріне
траншеяның 1 метріне
160
130
60
41
Суару шығындары
- тротуарлар мен өткілдерді жетілдіруге оның ішінде:
- бала бақшалар үшін
- мектептер үшін
- емханалар үшін
- ауруханалар үшін
- басқару органдарының ғимараттары үшін (әкімшілік ғим.)
Жасыл желектер, гүлзарлар мен көгалдар оның ішінде:
- балабақшалар үшін
- мектептер үшін
- емханалар үшін
- ауруханалар үшін
- басқару органдарының ғимараттары үшін (әкімшілік ғимараттар үшін)
-қысқы топырақты жылыжайларға гүл отырғызу
-қысқы сөрелік және көктемгі топырақтық жылыжайларға мен буландырғыштардағы әр типтегі егін-жай
- үй маңы жанындағы егін-жай (бақша мен баулар)
бір суарғанға
м²
жылына бір орынға м³
бір оқушыға бір жылға м³
жылына бір келуге м³
бір орынға жылына м³
1 қызметкерге жылына м³
1 м² 1суарғанға
жылына 1 орынға м³
1 оқушыға
жылына м³
1 келушіге
жылына 1 орынға м³
бір қызметкерге жылына м³
тәулігіне 1 м²
тәулігіне 1 м²
тәулігіне 1 м²
0,5
0,92
0,55
0,26
5,24
1,15
5
2,18
1,31
0,62
12,24
2,74
15
6
15
42
Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың орталық жылу жүйесіне кететін су шығыны:
Жылу жүйесіне жұмсалатын су
Пайдалануға берілер алдында жылу жүйесін толтыруға кететін су
тәулігіне 100
м² тұрғын алаңға
1 ретке 100 м² тұрғын алаңға
26
300
43
Асхана, кафе, шай ішу орындары, кондитерлік, дүкендер т.б. техноголиялық жабдықтары не жуу орындарындағы су алатын нүктелер.
Ортақ пайдаланылатын қол жуғыштар мен қоғамдық тамақтандыру орнындағы крандар
Сағатқа 1 су алу нүктесіне
500
200
Ескерту:

1

1. Кестеде көрсетілген шығын нормалары 4.01-02-2001 ҚР ҚНмЕ «Сумен қамту. Сыртқы желілер мен құрылымдар», 4.01-41-2006 «Ғимараттардың ішкі су құбырлары мен канализациялары» және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес құрылды.

2

2. Су шығынының нормалары негізгі тұтынушылар үшін белгіленген және оған барлық қосымша шығындар кіреді (қызмет көрсетуші персоналмен жұмсалатын, қызмет көрсетуші персонал үшін душ қызметі. Келушілермен, және бөлмелерді тазалауға жұмсалатын шығындар).
Тұрмыстық ғимараттар мен өндірістік кәсіпорындар бөлмелеріндегі адамдар тобына арналған душтарда және тікесінен тұрып жуынатын ванналарда, кір жуатын жерлерде кірді жууға және қоғамдық тамақтанукәсіпорындарында тамақ дайындауға, сондай-ақ, ауруханалар, шипажайлар мен емханалар құрамына кіретін су емханаларында сумен емдейтін шараларға тұтынылатын су қосымша есепке алынуға жатады.
Осы талаптар аталған мұқтаждарға жұмсалатын су шығыны кіретін су тұтыну нормалары белгіленген тұтынушылар үшін орындалуға жатпайды.

3

3. Осы кестеде көрсетілмеген өндірістік мұқтаждарға жұмсалатын су шығыны жобалауға берілген тапсырмаларға және өнеркәсіптің жекелеген салаларының кәсіпорындары құрылысын жобалау бойынша талаптарға, техноголиялық тапсырмаларға, құрал-жабдықтардың төлқұжаттық мәлеметтеріне және т.с. сәйкес қабылдануы тиіс.

4

4. Кір жуатын жерлерде автоматтандырылмаған кір жуғыш машиналармен және ерекше ластанған кірді жуған кезде 1 килограмм құрғақ кірді жууға жұмсалатын ыстық су шығынының нормасын 30 пайызға дейін өсіруге жол беріледі.

5

5. 1-26 тармақтарында көрсетілген тұтыну нормаларына суарыға, көше мен аулаларды жууға, жасыл көшеттерді суаруға жұмсалатын су шығыны кірмейді. Осы мақсаттар үшін судың шығыны осы кестенің тиісті нормалары бойынша есептеледі.
Ерекше жағдайларда көріктендіру түрлері бойынша аудандарда анықтау қиын болған кезде, бір тұрғынға қайта есептелгенде суаруға жұмсалған судың жинақталған шығынын суару кезеңіне тәулігіне 50-90 литр аясында алуға болады.

6

6. Суаруға жұмсалатын су шығынының нормасы бір суару есебінен белгіленген. Тәулік ішінде суару санын климат жағдайларына байланысты алу қажет.

7

7. Ауруханаларда, шипажайларда, демалыс үйлерінде бір адамға және пионер лагерлері мен мектеп – интернаттарда бір орынға жұмсалатын су шығынының нормасы асханалар мен кір жуатын жерлердегі су шығынын ескере отырып берілген.

8

8. асханаларда, қоғамдық мақсаттағы ғимараттарда, мектептерде, қонақ үйлерде, пансионаттар мен мотелдерде судың шығыны жеке есептелуі тиіс.

9

9. Тұтынушыларға арналған су шығынының нормасы, жоғарыда аталған санаттар тізіміне енгізілмеген судың және сарқынды сулардың шығыны 4.01-41-2006 ҚНжЕ-не , 4.01-02-2001 ҚР ҚНжЕ –не сәйкес есептеледі.

10

10. Осы кестеде көрсетілмеген азаматтық ғимараттарда, құрылғылар мен бөлмелердің тұтынушылары үшін су шығынының нормасын су тұтыну сипатына қарай бірдей тұтынушылар үшін сияқты алу қажет.

11

11. Тоңазытқыз қондырғылары мен ауа салқындатқыштары агрегаттарының салқындатуына кететін су шығынын есептеуде олардың паспорттық мәліметтері есепке алынуы керек.

12

12. Өндірістік жайлардағы және тұрмыстық ғимараттардағы аяқты ванналар мен топтық душ қабылдау бөлмелерінде су пайдалану, кір жу орындарындағы кір жуу мен қоғамдық тамақтандыру мекемелеріндегі тамақ дайындау, сонымен қатар аурухана, шипажайлар мен емханалар құрамына кіретін сумен емдеу орындарындағы сумен емдеу удерістерінде су шығыны қосымша есептеуге жатады.

13

13. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында сағатына сатылатын тамақтар санын: U=262 *n*m деп алып, мұндағы n – отырғызатын орындар саны; m –кафе мен ашық түрдегі асханалар үшін қабылданған отырғызатын орындар саны 2-ге тең; студенттер асханалары мен өндірістік кәсіпорындардың асханалары үшін 3-ке тең, мейрамханалар үшін -1,5-ға тең.

14

14. Жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары үшін су шығынының нормасы спорт залдары мен дайын өнімдерді сататын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы душ қабылдау шығынын есепке ала отырып белгіленген.

15

15. Абоненттен канализация жүйесіне кететін ағын сулар мөлшері пайдаланылған ауыз су (салқын су) мен ыстық судың мөлшеріне тең деп қабылданады.

16

16. Елді мекеннің сумен қамту жүйесіне қосылмаған (өзінің су алатын көзі бар), бірақ канализацияны пайдаланатын абоненттер үшін лас ағын сулар көлемі абоненттің есептеу құрылдарының көрсеткішіне қарай айқындалады.

17

17. лас ағын суларын қазаншұңқырға (септиккке) жіберетін, және ол ары қарай сорғызылып, қалалық канализация жүйесіне жіберілетін абоненттер үшін су шығыны тұтынған су мөлшері арқылы айқындалады.

18

18. Тәуліктік су бөлу үлесінде климаттық жағдайлар мен абаттандыру дәрежесіне қарай 10-20 пайыз өзгеріске жол беруге болады (2.04.03-85ҚНмЕ)

19

19. Канализациясы жоқ аудандарда сарқынды лас суларды бұрып әкету 1 адамға (тұрғынға) тәулігіне 25 литрге тең мөлшерде алынады.

20

20. Су тұтыну нормалары абонентте су есептегіш құралы болмаған жағдайда қолданылады. Есептеу құралын қондырған жағдайда, су шығыны есептегіш құрал көрсеткіштері бойынша анықталады.

21

21. Су тұтыну нормалары су құбыры-канализация кәсіпорындардағы нормативтік құжаттар мен сумен жабдықтау шарттарында болған өзгерістерді беруіне қарай қайта қарала алады.