Об установлении ставок платы за размещение наружной (визуальной) рекламы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлем ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 12 маусымдағы «Бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» № 209 Кодексінің 489, 491-баптарына, ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Таран аудандық мәслихатының ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағы бойынша жарнама орналастырудың стационарлық сыртқы (көрнекі) жарнамаларын орналастыру объектілерінде жарнама орналастыру үшін ай сайын келесі көлемдегі төлем ставкалары белгіленсін:
Тармақша 1
1) жергілікті маңызды жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарына бөлінген белдеуіндегі жарнама орналастырудың стационарлық объектілерінде жарнама орналастыру үшін төлем өтеу ставкасы жарнаманың жан-жағынан бір шаршы метр үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 2
2) тұрғын жай сыртындағы ашық кеңістікте жарнама орналастырудың стационарлық объектілерінде жарнама орналастыру үшін төлем ставкасы: Таран селосы мен Тобыл кентінде жарнаманың жан-жағынан бір шаршы метр үшін 0,5 айлық есеп көрсеткіш көлемінде; ауданның басқа елді мекендерінде жарнаманың жан-жағынан бір шаршы метр үшін 0,1 айлық есеп көрсеткіш көлемінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.