Об аккредитации в области оценки соответствия Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мазмұны 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы 3-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері 4-бап. Аккредиттеу жүйесі 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті 7-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган 7-1-бап. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу 8-бап. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері 9-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар 10-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар 11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар 12-бап. Аккредиттеу белгісі 13-бап. Аккредиттеу кезеңдері 14-бап. Аккредиттеу критерийлері 15-бап. Өтінімді ұсыну және оны қарау 16-бап. Аккредиттеу алдындағы шарт 17-бап. Құжаттардың сараптамасы 18-бап. Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру 19-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау 20-бап. Аккредиттеуден кейінгі шарт 21-бап. Аккредиттеу аттестаты 22-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу 23-бап. Аккредиттеу материалдарын жаңарту 24-бап. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі 25-бап. Аккредиттеу субъектілерін жоспарлы және жоспардан тыс бағалау 26-бап. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданысын тоқтату және тоқтата тұру, одан айыру және күшін жою 27-бап. Дауларды шешу 28-бап. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану 29-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 30-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау 31-бап. Қорытынды және өтпелі ережелер Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;
Тармақша 2
2) аккредиттеу аттестаты - аккредиттеу жөніндегі орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін куәландыратын құжат;
Тармақша 2-1
2-1) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу – аккредиттеу субъектісі өзі сәйкестігіне аккредиттелген аккредиттеу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған себептер жойылғанға дейін аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы аккредиттеу жөніндегі органның шешімі;
Тармақша 3
3) аккредиттеу белгісі - аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеу субъектісіне оның аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін берілетін белгі;
Тармақша 3-1
3-1) Аккредиттеу жөніндегі кеңес – аккредиттеу жүйесін стратегиялық дамыту, аккредиттеу саласында ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 4
4) аккредиттеу жөніндегі орган – аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүше болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
Тармақша 4-1
4-1) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар – аккредиттеу жөніндегі орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;
Тармақша 5
5) аккредиттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) аккредиттеу критерийлері - өтініш беруші өзінің аккредиттелуі үшін және аккредиттеу субъектісі қанағаттандыруы тиіс талаптар жиынтығы;
Тармақша 7
7) аккредиттеу материалдарын жаңарту - аккредиттеу субъектісінің құжаттарына аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге әкеп соқпайтын өзгерістер енгізу;
Тармақша 8
8) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері;
Тармақша 9
9) аккредиттеу саласын кеңейту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін ұлғайту процесі;
Тармақша 10
10) аккредиттеу саласын қысқарту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін азайту процесі;
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 12
12) аккредиттеу субъектілерінің тізілімі - аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай жүйесі;
Тармақша 13
13) аккредиттеу субъектісі – осы Заңда белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен, сәйкестікті бағалау жөніндегі орган;
Тармақша 13-1
13-1) аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу – осы Заңға сәйкес аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын, аккредиттеу субъектілерінің қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
Тармақша 13-2
13-2) аккредиттеу схемасы – бірдей талаптар қолданылатын, сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеуге қатысты қағидалар мен процестер;
Тармақша 13-3
13-3) бағалау – стандарттау жөніндегі құжаттар негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушінің (аккредиттеу субъектісінің) құзыреттілігін айқындау мақсатында аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын процесс;
Тармақша 13-4
13-4) бағалау техникасы – аккредиттеу жөніндегі орган стандарттау жөніндегі құжаттарға, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі орган мүшесі болып табылатын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың стандарттау жөніндегі құжаттарына сәйкес бағалау жүргізу үшін пайдаланатын әдіс;
Тармақша 14
Тармақша 14-1
14-1) калибрлеу зертханасы (орталығы) – өлшем құралдарын калибрлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 15
15) куәгерлік бағалау – аккредиттеу жөніндегі органның өз аккредиттеу саласы шегінде сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті орындайтын сәйкестікті бағалау жөніндегі органды байқауы;
Тармақша 15-1
15-1) қайта аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тануының кезекті рәсімі;
Тармақша 15-2
Тармақша 16
16) өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар - өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аккредиттелген заңды тұлғалар;
Тармақша 17
17) өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыру - өлшем құралдарының зерттеу нәтижелерін, метрологиялық сипаттамаларын салыстыру;
Тармақша 18
18) өтініш беруші - аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;
Тармақша 19
19) салыстырма сынақтары - бірдей немесе ұқсас сынақ объектілерінде екі немесе одан көп зертхананың (орталықтың) сынақтар жүргізуі және олардың нәтижелерін бағалауы;
Тармақша 20
20) салыстырып тексеру зертханасы (орталығы) - өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 21
21) сәйкестікті бағалау – сәйкестікті бағалау объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама айқындау;
Тармақша 21-1
21-1) сәйкестікті бағалау жөніндегі орган – сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 22
22) сәйкестікті бағалау объектілері – техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда айқындалған, сәйкестікті растауға, зерттеуге, сынауға, өлшеуге, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, аттестаттауға және бағалаудың өзге де түрлеріне жататын объектілер;
Тармақша 23
23) сәйкестікті растау жөніндегі органдар - өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің, менеджмент жүйелерінің не персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
Тармақша 23-1
23-1) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;
Тармақша 24
24) сынақ зертханасы (орталығы) - зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 25
25) техникалық сарапшы - сәйкестігі бағаланатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;
Тармақша 26
26) уәкілетті орган - техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
3-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
Тармақ 1
1. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Тармақша 3
3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;
Тармақша 4
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
Тармақша 5
5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу принциптері:
Тармақша 1
1) еріктілік;
Тармақша 2
2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;
Тармақша 3
3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;
Тармақша 4
4) кемсітушілікке жол бермеу;
Тармақша 5
5) құзыреттілік;
Тармақша 6
6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
Тармақша 7
7) тәуелсіздік;
Тармақша 8
8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;
Тармақша 9
9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Аккредиттеу жүйесі
4-бап. Аккредиттеу жүйесі Аккредиттеу жүйесіне:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган;
Тармақша 3
3) аккредиттеу жөніндегі орган;
Тармақша 4
4) аккредиттеу субъектілері;
Тармақша 5
5) аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар кіреді.
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
Бап 6. 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-1
Тармақша 1-2
1-2) аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
Тармақша 1-3
1-3) Аккредиттеу жөніндегі кеңесті құрады, оның құрамын және ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган
7-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тармақ 1-1
1-1. Аккредиттеу жөніндегі орган мынадай талаптарға сәйкес келуге:
Тармақша 1
1) штатында әрбір қызмет бағытында аккредиттеу жөніндегі кемінде екі сарапшы-аудитордың болуы;
Тармақша 2
2) аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың мүшесі болуы;
Тармақша 3
3) аккредиттеу субъектілерімен үлестес тұлға болмауы тиіс.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу жөніндегі орган:
Тармақша 1
1) мыналарға: аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды, техникалық сарапшыларды және арнайы білімі бар басқа да адамдарды аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге қатысу үшін тартуға; аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысуға; өлшем құралдарының салыстырма сынақтарын және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдастыруға; бағалау техникаларын қолдану тәртібін, өлшемшарттары мен талаптарын айқындауға; жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізуге; аккредиттеу субъектілерінің қызметіне аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізуге; аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды жүргізуге құқылы;
Тармақша 2
2) мыналарға: аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге; осы Заңда белгіленген тәртіпті сақтай отырып, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге; аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге; аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге; интернет-ресурсты жүргізуге және қолдап отыруға, онда аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға; аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге; аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту туралы өтінімдерді қарауға; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде шағымдар мен апелляцияларды қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға және қабылданған шешімдер туралы ақпаратты он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде интернет-ресурста орналастыруға; осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге; жоспарлы және жоспардан тыс бағалаудың, сондай-ақ аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу нәтижелерін тоқсан сайын уәкілетті органға беруге; аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтер енгізу арқылы аккредиттеу аттестатын тоқтата тұруға, одан айыруға қатысты сот, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген қаулының орындалуын қамтамасыз етуге; аккредиттеу жөніндегі органның қызметін регламенттейтін халықаралық нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келуге; аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы жалпы өлшемшарттар мен қағидаларды белгілейтін мамандандырылған халықаралық ұйымдардың құжаттарын ендіруді және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу материалдарын қарау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудиторды қамтуға тиіс.
Бап 7-1. 7-1-бап. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу
7-1-бап. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу
Тармақ 1
1. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу аккредиттеу субъектілері көрсеткен аккредиттеу саласындағы жұмыстардың, қызметтердің және процестердің нәтижелерін аккредиттеу жөніндегі органның байқауы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу нәтижелері бойынша аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылық анықталған жағдайда осы Заңға сәйкес шаралар қолданылады.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Бап 8. 8-бап. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері
8-бап. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2
2. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккредиттеуге жатады.
Тармақ 3-1
3-1. Өтініш беруші:
Тармақша 1
1) зерттеп-қарау нәтижелері бойынша тұрған жерінде аккредиттеу жөніндегі органға негізделген себептерді көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою мерзімдерін ұзарту, бірақ отыз жұмыс күнінен асырмай ұзарту туралы жүгінуге;
Тармақша 2
2) аккредиттеу жөніндегі органның шешімдеріне апелляция жөніндегі комиссияға апелляциялар беруге құқылы.
Тармақ 3-2
3-2. Өтініш беруші:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында, стандарттау жөніндегі құжаттарда, сондай-ақ аккредиттеу сұратылатын немесе берілетін, аккредиттеу жөніндегі орган мүшесі болып табылатын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың құжаттарында белгіленген аккредиттеуге қойылатын талаптарды сақтауға және орындауға;
Тармақша 2
2) тұрған жерінде зерттеп-қарау жүргізу кезінде аккредиттеу жөніндегі органға үй-жайға (үй-жайларға) кіруді, жабдыққа және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес куәгерлік бағалауды ұйымдастыруға міндетті.
Тармақ 4
4. Аккредиттеу субъектілері:
Тармақша 1
1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;
Тармақша 2
2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту, қайта аккредиттеу, ерікті түрде кері қайтарып алу, кері қайтарып алынған аккредиттеу аттестатының қолданысын қайта бастау және аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;
Тармақша 3
3) апелляция жөніндегі комиссияға аккредиттеу жөніндегі органның шешімдеріне апелляциялар беруге құқылы;
Тармақша 4
Тармақ 5
5. Аккредиттеу субъектілері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;
Тармақша 4
4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлауға;
Тармақша 5
5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;
Тармақша 6
6) аккредиттеу жөніндегі органның жоспарлы (жоспардан тыс) бағалау жүргізуін және сол жерде зерттеп-қарауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6-1
6-1) үй-жайға (үй-жайларға) кіруді, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуді, оның ішінде персоналдың болуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6-2
6-2) куәгерлік бағалау жүргізуді қамтамасыз етуге және бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнына ақы төлеуді жүргізуге;
Тармақша 7
7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;
Тармақша 8
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылғаны туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайтаруға;
Тармақша 9
9) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған, ол жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға;
Тармақша 10
10) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға;
Тармақша 10-1
10-1) аккредиттеу үшін қажетті ақпаратқа, құжаттарға, есептерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес алып қоюға жататын өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжат берген аккредиттеу субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 9. 9-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
9-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
Тармақ 1
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша осы Заңға сәйкес аккредиттеледі. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының аккредиттеу саласы бөлек бекітіледі.
Тармақ 3
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау процесінің әділдігіне және объективтілігіне әсер ететін консультациялық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.
Тармақ 4
4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті растау жөніндегі қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалай отырып, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.
Бап 10. 10-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар
10-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар
Тармақ 1
1. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
Тармақ 3
3. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 4
4. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге, қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалауға және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.
Бап 11. 11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар
11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар
Тармақ 1
1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар өз қызметiн еңбек шартының не азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Аккредиттеу белгісі
12-бап. Аккредиттеу белгісі
Тармақ 1
1. Аккредиттеу белгісі аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу субъектісіне берілетін аккредиттеу белгісінде берілген аккредиттеу аттестатының нөмірі болуға тиіс.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу белгісін пайдалану тәртібі аккредиттеуден кейінгі шартпен айқындалады.
Бап 13. 13-бап. Аккредиттеу кезеңдері
13-бап. Аккредиттеу кезеңдері
Тармақ 1
1. Аккредиттеу мынадай негізгі:
Тармақша 1
1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;
Тармақша 2
2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттарды сараптау;
Тармақша 4
4) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;
Тармақша 5
5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
Тармақша 6
6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекіту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату кезеңдерін қамтиды.
Тармақ 2
2. Қайта аккредиттеу осы баптың 1-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақтала отырып жүргізіледі. Қайта аккредиттеуге өтінімді өтініш беруші аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей береді.
Бап 14. 14-бап. Аккредиттеу критерийлері
14-бап. Аккредиттеу критерийлері Өтініш берушілер және аккредиттеу субъектілері мынадай критерийлерге сай келуге тиіс:
Тармақша 1
1) заңды тұлға не заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі мәртебесінің болуы;
Тармақша 2
2) мәлімделген аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті персоналдың болуы;
Тармақша 3
3) сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға қажетті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығында немесе уақытша иелігінде және пайдалануында үй-жайдың, жабдықтың және материалдық ресурстардың болуы;
Тармақша 4
4) аккредиттеу схемасын ескере отырып, сәйкестігіне өздері аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуі;
Тармақша 5
5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды толық көлемде және аккредиттеу саласында бекітілген шекте жүргізуі. Осы Заңда нормативтік құжаттар деп стандарттау жөніндегі құжаттар түсініледі.
Бап 15. 15-бап. Өтінімді ұсыну және оны қарау
15-бап. Өтінімді ұсыну және оны қарау
Тармақ 1
1. Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға қағаз жеткізгіште не техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) аккредиттеуге өтінім;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
Тармақша 3
3) мәлімделетін аккредиттеу саласы;
Тармақша 3-1
3-1) сапа жөніндегі нұсқаулық;
Тармақша 4
4) сәйкестікті бағалау саласындағы қызметтің мәлімделген бағыты жөніндегі паспорт;
Тармақша 5
5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін);
Тармақша 6
6) құрылымдық бөлімшелер туралы ереже және олардың құрылымы. Өтініш беруші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат ұсынады. Аккредиттеуге арналған өтінімді қоспағанда, қағаз жеткізгіштегі құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 3
3. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ мәлімделген жабдықты басқа аккредиттелген зертхана пайдаланған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды келіп түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде қабылдаудан бас тартады және оларды қайтарудың себептерін көрсете отырып, өтiнiш берушiге пошта арқылы қайтарады не оларды өкіліне қолын қойғызып, қолма-қол табыс етеді не техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда жібереді.
Бап 16. 16-бап. Аккредиттеу алдындағы шарт
16-бап. Аккредиттеу алдындағы шарт
Тармақ 1
1. Аккредиттеу алдындағы шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен өтініш беруші арасында жасалады.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу алдындағы шарттың елеулі талаптары:
Тармақша 1
1) шарттың мәні;
Тармақша 2
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 3
3) жұмыстардың құны;
Тармақша 4
4) тараптардың жауаптылығы болып табылады.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу алдындағы үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 4
4. Аккредиттеу алдындағы шартты тоқтатуға мынадай жағдайлар:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның таратылуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу;
Тармақша 3
3) құжаттарға сараптама жасау кезінде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексерген кезде анықталған сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жоймауы;
Тармақша 4
4) аккредиттеу жөніндегі органның құжаттарға қайта сараптама жасаған кезде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша қайта тексерген кезде тиісінше сарапшы-аудитордың алғашқы қорытындысындағы немесе тексеру жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкессіздіктерді анықтауы;
Тармақша 5
5) аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы негіз болып табылады.
Бап 17. 17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы
17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы
Тармақ 1
1. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Қайта аккредиттеу кезінде ұсынылған құжаттардың сараптамасы аккредиттеу субъектісінің құжаттарына және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер бөлігінде жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Сараптама жүргiзу үшiн аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторды тағайындайды, сондай-ақ мәлімделген сәйкестікті бағалау объектілері бойынша техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысында:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгін бағалау;
Тармақша 2
2) құжаттардың нақты критерийлер бойынша сәйкессiздiгiн (сәйкессiздiк болған кезде) көрсету;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттарды түзету жөнiндегi ұсынымдар (қажет болған жағдайда) және өтiнiш берушiнiң осы ұсынымдардың орындалуын растау тәртiбi;
Тармақша 4
4) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгi немесе сәйкессiздiгi туралы тұжырымдар қамтылуға тиiс.
Тармақ 4
4. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысы негiзiнде аккредиттеу жөнiндегi орган мынадай:
Тармақша 1
1) өтiнiш берушiнi тұрған жерінде зерттеп-қарау туралы;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушiнiң анықталған сәйкессiздiктердi жою қажеттігі туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды. Аккредиттеу жөніндегі орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 5
5. Өтiнiш берушi осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға бұл туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды. Аккредиттеу жөнiндегi орган хабарламаны алған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда құжаттарға қайта сараптама жүргiзедi.
Бап 18. 18-бап. Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру
18-бап. Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру
Тармақ 1
1. Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру өтініш берушінің біліктілігін, құжаттарда ұсынылған ақпараттардың нақты жағдайға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Тексеруді аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор немесе аккредиттеу жөніндегі орган жасақтайтын тексеру жөніндегі топ жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тексеру жөніндегі топ кемінде екі адамнан құралуы керек, топ жетекшісі болып құжаттарға сараптама жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор тағайындалады.
Тармақ 4
4. Тексеру жөніндегі топтың құрамына келісім бойынша: сәйкестікті растау жөніндегі сарапшылар-аудиторлар, техникалық сарапшылар, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мәлімдеген аккредиттеу саласы бойынша мамандары енгізілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Тексеру мерзiмi өтініш берушінің тұрған жеріне немесе өтініш берушінің өзі тұрған жерден тыс жердегі құрылымдық бөлімшесі орналасқан жерге тексеру жөніндегі топ келген кезден бастап есептелетiн он жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Құрылымдық бөлімшелері бар өтініш берушіні тексерудің жалпы мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тармақ 6
6. Тексеру жөніндегі топ өз жұмысының қорытындысы бойынша есеп дайындайды, онда өтініш берушінің аккредиттеу критерийлеріне сәйкестік бағасы қамтылуы керек.
Тармақ 7
7. Топ мүшелерінің барлық ескертпелерін есепке ала отырып топ жетекшісі екі данада есеп жасайды және оған топтың барлық мүшелері қол қояды. Есептің бір данасы өтініш берушіге ұсынылады.
Тармақ 8
8. Өтініш беруші тексеру жөніндегі топтың есебімен келіспеген жағдайда өзінің ескертпелерін аккредиттеу жөніндегі органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы ұсына алады және тиісінше акредиттеу жөніндегі орган почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Тексеру жөніндегі топ есебінің негізінде және өтініш берушінің ескертпелерін ескере отырып (олар бар болған жағдайда), аккредиттеу жөніндегі орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мынадай:
Тармақша 1
1) аккредиттеу жөніндегі жиналған материалдарды қарау туралы;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы өтініш берушіге жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
Тармақ 10
10. Өтiнiш берушi осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде тексеру кезiнде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессiздiктердiң жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға олардың жойылғаны туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды, содан кейiн аккредиттеу жөнiндегi орган қажет болған жағдайда оған қайта тексеру жүргiзедi. Өтiнiш берушiні немесе оның құрылымдық бөлімшесін қайта тексеру мерзiмi тексеру жөнiндегi топ өтiнiш берушiнiң тұрған жерiне келген күннен бастап есептелетiн бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Тармақ 11
11. Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің себептерін көрсеткен жазбаша не техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберген өтініші бойынша сәйкессіздіктерді жою мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Бап 19. 19-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау
19-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау
Тармақ 1
1. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға жиналған материалдар түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі орган қабылдайды. Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, өтініш берушіге сәйкессіздіктерді жою үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзім беріледі. Аталған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім тоқтатыла тұрады.
Тармақ 2
2. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады және жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқындайтын құжат бекітіледі, аккредиттеу аттестаты және құжаттардың бір жиынтығы беріледі.
Тармақ 3
3. Терiс шешiм қабылданған кезде өтiнiш берушiге техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы дәлелдi бас тарту жіберіледі, ол тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі. Құжаттар жиынтығы өтініш берушіге техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда немесе почта арқылы жіберіледі не оның өкіліне қолы қойғызылып, қолма-қол табыс етіледі.
Бап 20. 20-бап. Аккредиттеуден кейінгі шарт
20-бап. Аккредиттеуден кейінгі шарт
Тармақ 1
1. Аккредиттеуден кейінгі шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісі арасында жасалады.
Тармақ 2
2. Аккредиттеуден кейінгі шарттың елеулі талаптары:
Тармақша 1
1) шарттың мәні;
Тармақша 2
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 3
3) жұмыстардың құны;
Тармақша 4
4) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 5
5) салыстырма сынақтарды жүргізу және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыру тәртібі;
Тармақша 6
6) тараптардың жауаптылығы болып табылады.
Тармақ 3
3. Аккредиттеуден кейінгі үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 4
4. Аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтатуға мынадай жағдайлар:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның таратылуы;
Тармақша 2
2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталуы;
Тармақша 3
3) аккредиттеу аттестатынан айыруы;
Тармақша 4
4) аккредиттеу аттестатының жойылуы;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 6
6) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктерді жоймауы;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген негiз бойынша аккредиттеуден кейiнгi шартты тоқтату күні болып сәйкессiздiктердi жою мерзiмi өткен күннен кейiнгi күн есептеледi.
Бап 21. 21-бап. Аккредиттеу аттестаты
21-бап. Аккредиттеу аттестаты
Тармақ 1
1. Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.
Тармақ 2-1
2-1. Аккредиттеу субъектісі осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімді сақтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган қайта аккредиттеу кезіндегі жұмыстарды аяқтау қажет болған кезде бұрын берілген аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімін аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін үш айдан аспайтындай етіп ұзарта алады.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредиттеу аттестатына міндетті қосымша болып табылады.
Тармақ 4
4. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс.
Тармақ 5
5. Аккредиттеу аттестатында:
Тармақша 1
1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;
Тармақша 2
2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат;
Тармақша 3
3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
Тармақша 4
4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні;
Тармақша 5
5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 6
6. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжат болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.
Тармақ 7
7. Аккредиттеу аттестаты техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште жалғыз дана етіп беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады. Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.
Бап 22. 22-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу
22-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу
Тармақ 1
1. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге:
Тармақша 1
1) аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруі;
Тармақша 3
3) аккредиттеу субъектісі атауының өзгеруі;
Тармақша 4
4) аккредиттеу саласының кеңеюі немесе қысқаруы туралы аккредиттеу субъектісінің өтініші негіз болады.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу субъектісі осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге негіздердің бірі пайда болған кезден бастап есептелетін, сондай-ақ аккредиттеу саласы қысқарған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде аккредиттеу жөніндегі органға осы Заңның 15-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жаңа мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде аккредиттеу субъектісі өтінішпен бір мезгілде аккредиттеу жөніндегі органға кеңейтілетін салада тиісті мамандардың, жабдықтардың, үй-жайлардың бар екендігі туралы ақпарат береді.
Тармақ 4
4. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеген кезде аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңның 18-бабында көзделген тәртіппен аккредиттеу субъектісінің орналасқан жері бойынша:
Тармақша 1
1) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханасының (орталығының) орналасқан жері өзгерген;
Тармақша 2
2) аккредиттеу саласын кеңейткен жағдайда тексеру жүргізеді.
Тармақ 5
5. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы құжаттарды олардың түскен күнінен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Осы тармақта көзделген мерзімге субъектінің орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу және аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді, егер оларды аккредиттеу жөніндегі орган анықтаған болса, жою мерзімі кірмейді.
Тармақ 6
6. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жеті жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді және аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді.
Тармақ 7
7. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім ұсынылған құжаттар мен мәліметтерден дәйексіз ақпараттар анықталған кезде, аккредиттеу субъектісі тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған кезде, сондай-ақ алғашқы тексерген кездегі сәйкессіздіктер қайта тексергенде анықталған кезде қабылданады. Қабылданған шешім туралы хабарлама аккредиттеу субъектiсiне техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда не шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі оны қайта ресімдеген кезде үзілмейді.
Бап 23. 23-бап. Аккредиттеу материалдарын жаңарту
23-бап. Аккредиттеу материалдарын жаңарту
Тармақ 1
1. Аккредиттеу материалдарын жаңарту:
Тармақша 1
1) аккредиттеу субъектiсiнiң құжаттарында көрсетiлген нормативтiк құжатқа өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзген және (немесе) жаңа нормативтiк құжатты қолданысқа енгiзген;
Тармақша 2
2) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын мамандар құрамы өзгерген;
Тармақша 3
3) өлшем құралдары мен сынақ жабдығын ауыстырған жағдайда осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көзделген негіздер болмаған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жаңарту кезінде аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жаңартудың себептерін негіздей отырып өтінімін және өзгерістер енгізілген құжаттарды техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште ұсынады. Жаңартуға өтінім қағаз жеткізгіште жіберілген кезде өзгерістер енгізілген құжаттар екі данада ұсынылады.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу жөніндегі орган құжаттар түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарайды. Оң шешім шығарылған жағдайда және аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу үшін негіздер болмаған кезде аккредиттеу жөніндегі орган енгізілген өзгерістерді назарға алады, қажет болған жағдайда аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді, бұл туралы аккредиттеу субъектісіне жазбаша почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы хабарлайды және ол тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
Тармақ 4
4. Ұсынылған құжаттарда және мәліметтерде анық емес ақпарат және (немесе) аккредиттеу саласын кеңейтуге қатысты ақпарат анықталған кезде аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу материалдарын өзекті етуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
Бап 24. 24-бап. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі
24-бап. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі
Тармақ 1
1. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектілерінің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі:
Тармақша 1
1) осы Заңның 21-бабының 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді;
Тармақша 2
2) аккредиттеу саласына кіретін сәйкестікті бағалау объектілерін;
Тармақша 3
3) аккредиттеу субъектісі басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болған жағдайда);
Тармақша 4
4) аккредиттеу аттестатының қайта ресімделген күні мен оның негізі;
Тармақша 5
5) аккредиттеу материалдарын жаңарту күнін, негізін және жаңартылған аккредиттеу материалдары туралы ақпаратты;
Тармақша 6
6) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізу күнін және нәтижелерін;
Тармақша 7
7) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алудың күні және осы кері қайтарып алынған аттестаттың қолданысын қайта бастаудың күні мен негіздерін;
Тармақша 8
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған күні мен негіздемесін;
Тармақша 9
9) аккредиттеу аттестатының жойылған күнін;
Тармақша 10
10) аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру күні мен негіздерін;
Тармақша 11
11) аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беру туралы белгіні қамтуға тиіс.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпарат негіздемелер туындаған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізіледі.
Тармақ 4
4. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде қамтылған ақпарат онымен жеке және заңды тұлғалар танысу үшін ашық болып табылады.
Бап 25. 25-бап. Аккредиттеу субъектілерін жоспарлы және жоспардан тыс бағалау
25-бап. Аккредиттеу субъектілерін жоспарлы және жоспардан тыс бағалау
Тармақ 1
1. Жоспарлы және жоспардан тыс бағалау аккредиттеуден кейінгі шарт негізінде жүзеге асырылады. Бірінші жоспарлы бағалау бастапқы аккредиттеу күнінен кейін он сегіз айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Келесі жоспарлы бағалаулар алдыңғы жоспарлы бағалау жүргізілген кезден бастап жиырма төрт айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарға жол бергені туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтініші, мемлекеттік органның хабарламасы келіп түскен не аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу нәтижелері бойынша аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган жоспардан тыс бағалау жүргізуге құқылы. Бұзушылықтар расталған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган жүргізген жоспардан тыс бағалауды жүргізу бойынша шығыстарды бұзушылыққа жол берген аккредиттеу субъектісі өтейді.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу субъектісін немесе аккредиттеу субъектісінің өзі тұрған жерден тыс жерде орналасқан оның құрылымдық бөлімшесін жоспарлы бағалауды жүргізу мерзiмi аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласына және оның құрылымдық бөлімшелерінің санына байланысты белгіленеді. Жоспардан тыс бағалауды жүргізу мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу жөніндегі орган жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізу кезінде аккредиттеу субъектісінен қажетті түсіндірмелер, құжаттар мен мәліметтер сұратуға құқылы.
Тармақ 4
4. Жоспарлы және жоспардан тыс бағалау нәтижелері екі данада жасалған есеппен ресімделеді, онда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) есептің жасалған күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) аккредиттеу жөніндегі орган басшысының жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізуге негіз болған шешімінің күні мен нөмірі;
Тармақша 3
3) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
Тармақша 4
4) аккредиттеу субъектісінің атауы, жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізген кезде қатысқан аккредиттеу субъектісі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
Тармақша 5
5) жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалаудың жүргізілген күні, уақыты және орны;
Тармақша 6
6) бағалау нәтижелері, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер және олардың сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) сәйкессіздіктерді жою жөніндегі ұсынымдар және оларды жою мерзімдері;
Тармақша 8
8) аккредиттеу субъектісі өкілінің есеппен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, оның қолы немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы мәліметтер. Есептің бір данасы аккредиттеу субъектісінің өкіліне табыс етіледі. Аккредиттеу жөніндегі орган есеп келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға не жиналған материалдарды осы Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға жіберуге негіздер болмаған кезде ақпаратты назарға алады не анықталған аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкессіздіктерді аккредиттеу субъектісінің жоюы туралы шешім қабылдайды.
Бап 26. 26-бап. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданысын тоқтату және тоқтата тұру, одан айыру және күшін жою
26-бап. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданысын тоқтату және тоқтата тұру, одан айыру және күшін жою
Тармақ 1
1. Аккредиттеу аттестатын аккредиттеу жөніндегі орган мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) аккредиттеу субъектісінің техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште жіберген өтініші болғанда;
Тармақша 2
2) сәйкестікті бағалау нәтижелерінің дұрыстығына әсер ететін аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер анықталғанда;
Тармақша 3
3) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер аккредиттеу жөніндегі органның белгілеген мерзімі ішінде жойылмағанда;
Тармақша 3-1
3-1) аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарға жол бергені туралы шағымда не мемлекеттік органның хабарламасында көрсетілген фактілер расталғанда;
Тармақша 4
4) салыстырмалы сынақтардың және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу нәтижелерін салғастырудың анықталған теріс нәтижелері жойылмағанда;
Тармақша 5
5) аккредиттеу критерийлерінің және аккредиттеуден кейінгі шарт талаптарының бұзылғаны аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша анықталған кезде;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын сәйкестікті бағалау (растау) бойынша жұмыстардың нәтижелерін электрондық есепке алу жөніндегі мәліметтердің сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжат берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен деректерді ұсынбаған немесе анық емес деректер ұсынған жағдайларда кері қайтарып алады. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің қызметі бөлігінде қайтарып алынуы мүмкін. Аккредиттеу аттестатының барлық саласына қатысы жоқ, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде, аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Егер аккредиттеу критерийлерінің анықталған сәйкессіздіктерінде әкімшілік құқық бұзу құрамының белгілері болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган осындай сәйкессіздіктер анықталған күннен бастап есептелетін, үш жұмыс күні ішінде тиісті шараларды қабылдау үшін жиналған материалдарды уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешiмнiң көшiрмесi шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламасы бар тапсырысты хатпен почта арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және өтініш беруші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгі соққан күннен бастап алынған деп есептеледі.
Тармақ 3-1
3-1. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап кері қайтарып алынды және аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жаңарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап, бірақ аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде екі ай өткеннен кейін жаңартылды деп есептеледі.
Тармақ 4
4. Аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімді алған күннен бастап, анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі органға сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді жазбаша түрде ұсынады. Анықталған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді растау қажет болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен жоспардан тыс бағалауды жүргізеді. Аккредиттеу жөнiндегi орган сәйкессiздiктердiң жойылғаны туралы мәлiметтердi аккредиттеу субъектiсi ұсынған күннен бастап есептелетiн он жұмыс күнi iшiнде, ал жоспарлы және жоспардан тыс бағалау жүргiзілген жағдайларда – олар аяқталған күннен бастап есептелетiн он жұмыс күнi iшiнде аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту не қайта жаңғыртудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Егер аккредиттеу жөніндегі орган көрсетілген мерзімде өзінің шешімі туралы аккредиттеу субъектісін жазбаша хабардар етпесе, онда көрсетілген мерзім өткеннен кейін, бірақ кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде екі ай өткеннен кейін аккредиттеу аттестаты жаңартылады.
Тармақ 5
5. Аккредиттеу аттестатының қолданысы мына негіздер бойынша тоқтатылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу субъектісінің техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште жіберген өтінішінің болуы;
Тармақша 2
2) аккредиттеуден кейінгі шарттың тоқтатылуы.
Тармақ 6
6. Өтініш берушінің немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеуді алу кезінде жалған ақпарат бергені анықталған жағдайда, аккредиттеу аттестатының күшін жоюды аккредиттеу жөніндегі органның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сот жүргізеді.
Тармақ 7
7. Аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 27. 27-бап. Дауларды шешу
27-бап. Дауларды шешу
Тармақ 1
1. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері аккредиттеу жөніндегі органның теріс шешіміне аккредиттеу материалдары бойынша апелляция жөніндегі комиссияға апелляция беруге құқылы. 2. Апелляция жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және оның жұмысына мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы. Апелляция жөніндегі комиссияның құрамын аккредиттеу жөніндегі орган қалыптастырады. Апелляция жөніндегі комиссияның құрамына сәйкестікті бағалау саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен уәкілетті органнан үш өкілден және аккредиттеу жөніндегі органнан бір өкіл жіберіледі. Апелляция берілген аккредиттеу жөніндегі орган шешім қабылдаған кезде қатысқан немесе өтініш берушіге немесе апелляция берген аккредиттеу субъектісіне қатысы бар апелляция жөніндегі комиссияның мүшелері апелляция жөніндегі комиссия шешім қабылдаған кезде қатыспайды. 3. Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы оның мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады. Апелляция жөніндегі комиссия шешім қабылдаған кезде қатыспайтын аккредиттеу жөніндегі органның жұмыскері апелляция жөніндегі комиссияның хатшысы болып табылады. Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы апелляция жөніндегі комиссия туралы ережені бекітеді, оның қызметіне басшылық жасайды, апелляция жөніндегі комиссияның отырысын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды.
Тармақ 4
4. Апелляция жөніндегі комиссия апелляция түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің негізділігі туралы дауыс беру арқылы қабылданатын қорытындыны аккредиттеу жөніндегі органның басшысына ұсынады.
Тармақ 5
5. Аккредиттеу жөніндегі орган басшысы апелляция жөніндегі комиссия қорытындысын қарау нәтижелері туралы апелляция берген өтініш берушіге немесе аккредиттеу субъектісіне қорытынды ұсынылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
Тармақ 6
6. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 7
7. Үшінші тұлға тарапынан аккредиттеу субъектісінің немесе аккредиттеу жөніндегі органның, сондай-ақ олардың персоналының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбаушылық білдіруді қамтитын даулар мен шағымдарды шешу осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Бап 28. 28-бап. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану
28-бап. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану аккредиттеу жүйелерінің, аккредиттеу кезінде қолданылатын рәсімдер мен талаптардың бірдейлігін тану негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу нәтижелерін өзара тану екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар берген аккредиттеу аттестаттары немесе оларға тепе-тең құжаттар Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған келісімдерге сәйкес танылады.
Бап 29. 29-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
29-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 30. 30-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
30-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Аккредиттеу жөніндегі органның Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2-1
2-1. Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне (объектісіне) беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар берген;
Тармақша 2
2) цифрлық жүйелерден алынған;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады. Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным бақылау субъектісіне мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – алғаны туралы ұсынымға белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі – ай сайын 25-інен кешіктірілмей, айына бір реттен артық емес. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнайы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
Бап 31. 31-бап. Қорытынды және өтпелі ережелер
31-бап. Қорытынды және өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Заң, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 10-бабының 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген аккредиттеу аттестаттары жарамды деп есептеледі.