О трансфертном ценообразовании Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы 1-1-бап. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру 4-бап. Уәкілетті органдардың өкілеттіктері 5-бап. Мәмілеге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері 6-бап. Мәмілелер мониторингі 7-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік және құжаттама 8-бап. Уәкілетті органдардың басқа ұйымдармен өзара іс-қимылы 9-бап. Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу 10-бап. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету 10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету 11-бап. Тараптардың өзара байланыстылығын айқындау 12-бап. Нарықтық бағаны айқындау әдістері 13-бап. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі 14-бап. "Шығындарға қосу" әдісі 15-бап. Кейіннен өткізу бағасы әдісі 16-бап. Пайданы бөлу әдісі 17-бап. Таза пайда әдісі 18-бап. Нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері 19-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Трансферттік баға белгілеу туралы
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Бап 1-1. 1-1-бап. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1-1-бап. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кіріс ысырабын болғызбау трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің міндеттері:
Тармақша 1
1) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мәмілелерге қатысушылардың трансферттік бағаларды қолдануын болғызбауға бағытталған қағидалардың ашық жүйесін құру.
Тармақ 3
3. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеу:
Тармақша 1
1) трансферттік баға белгілеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
Тармақша 2
2) трансферттік баға белгілеуді жүзеге асыру кезіндегі әділдік пен жариялылық қағидаттарына негізделеді.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпарат көздерінен алынған баға – ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға;
Тармақша 2
2) бағалар ауқымы – осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртiппен белгіленетін, салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалған нарықтық бағалардың бірқатар мәндері;
Тармақша 2-1
2-1) бақылау – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау. «Бақылау» деген ұғым трансферттік баға белгілеу бойынша есептіліктің мақсаттары үшін пайдаланылады;
Тармақша 3
3) белгіленім кезеңі – мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі;
Тармақша 3-1
3-1) белгіленім күні – ресми танылған ақпарат көздерінде тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) жарияланған баға белгіленімі бар күн;
Тармақша 4
4) бірдей тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) – өздеріне тән бірдей негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы және рыноктағы өтімділігі, шығарған және өндірген елі бар тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);
Тармақша 5
5) бірдей (ал олар болмаған жағдайда – біртекті) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тиісті рыногы – нарықтық баға қалыптасатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) рыногы немесе тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) рыногының базасында нарықтық баға объективті түрде қалыптасатын және (немесе) айқындалатын рынок;
Тармақша 6
6) біртекті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) – бірдей болмаса да ұқсас сипаттағы және ұқсас құрамдастардан тұратын, бұл оларға бір ғана функцияларды атқаруға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік беретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);
Тармақша 7
7) дифференциал – мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері;
Тармақша 8
8) жеңілдікті салық салынатын мемлекет – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын шет мемлекет;
Тармақша 9
9) комиссиялық (агенттік) сыйақы – мәмілеге қатысушы мен сауда брокері, трейдер немесе агент арасындағы жеке келісімде көзделген, жасалған мәміле сомасы немесе сомасының пайызы түрінде төленетін, тауарды сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызметті көрсету бойынша сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің көрсеткен қызметі үшін төлемақы;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының аумағында жасалған, халықаралық іскерлік операцияға тікелей өзара байланысты мәміле – нысанасы халықаралық іскерлік операцияның нысанасы болып табылатын мәміле;
Тармақша 10-1
10-1) қаржы жылы – халықаралық топтың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын кезең;
Тармақша 10-2
10-2) қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдар – ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп тудыратын, сондай-ақ ұлттық экономиканың орнықты дамуына қатер төндіретін әлеуметтік және экономикалық салдардың жиынтығы;
Тармақша 11
11) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесі – мәміле бағасының қолданылу негізділігін растайтын және уәкілетті органға берілетін құжаттар мен ақпарат;
Тармақша 12
12) «қол созу» қағидаты – мәмілелерге қатысушылар арасындағы мәмілелер шарттарын осы Заңда белгіленген тәртіппен айқындалған нарықтық шарттарда мәмілелерді жүзеге асыратын тәуелсіз тараптар арасындағы салыстырымды экономикалық жағдайларда жасалатын мәмілелер шарттарымен салыстыру негізінде нарықтық шарттарды, оның ішінде нарықтық бағаларды (маржаларды, рентабельділікті) айқындау үшін қолданылатын қағидат;
Тармақша 13
13) маржа – тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі мәмілелерді жүргізу нәтижесінде сауда брокері, трейдер немесе агент алатын сома;
Тармақша 14
14) маржа ауқымы – осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіппен белгіленетін, салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалған нарықтық маржаның бірқатар мәндері; 14-1) материалдық емес актив – физикалық пішіні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес актив және (немесе) зияткерлік қызметтің нәтижесі, сондай-ақ өндірісте пайдалануға (жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге) немесе әкімшілік мақсаттарға арналған өзге де зияткерлік меншіктің объектілері;
Тармақша 15
15) мәміле бағасы – осы Заңмен реттелетін мәмілені жасау кезінде мәмілеге қатысушылар қолданатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы;
Тармақша 16
16) мәмілеге қатысушы – осы Заңмен реттелетін мәмілені жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 17
17) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік – трансферттік бағаларды қолдана отырып есепті кезең ішінде жасалған мәмілені қоса алғанда, уәкілетті орган бекітетін тәртіп пен нысанға сәйкес мәмілеге қатысушы жыл сайын мемлекеттік кіріс органдарына ұсынатын мәмілелер бойынша деректер;
Тармақша 17-1
17-1) медианалық мән – тақ сандар жиынының ортасындағы мән немесе жұп сандар жиынының ортаңғы екеуінің орташа арифметикалық мәні;
Тармақша 18
18) нарықтық баға – "қол созу" принципіне сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда бірдей (ал олар болмаған жағдайда – біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы;
Тармақша 18-1
18-1) нарықтық рентабельділік – «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда қалыптасқан рентабельділік;
Тармақша 18-2
18-2) рентабельділік – осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын және бухгалтерлік есепке алу және (немесе) қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалатын қаржылық көрсеткіш;
Тармақша 19
19) рентабельділік ауқымы – осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын, салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» қағидатына сәйкес айқындалған нарықтық рентабельділіктің бірқатар мәндері;
Тармақша 20
Тармақша 21
21) салықтар бойынша жеңілдіктер – салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша салық міндеттемелерінен босату (оларды азайту), инвестициялар жөніндегі келісімшартқа сәйкес инвестициялық салық преференцияларының болуы немесе қызметті арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) салыстырымды экономикалық шарттар – егер мұндай шарттар арасындағы айырмашылық бағаға ықпал етпесе немесе мәмілелердің шарттарын осы Заңға сәйкес салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру мақсатында түзету мүмкін болса, бірдей (ал олар болмаған жағдайда – біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы мәмілелердің шарттары;
Тармақша 23
23) сауда брокері, агент – мәмілеге қатысушымен жасалған агенттік келісімнің шарттарына сәйкес делдалдық қызмет көрсетулерді орындайтын тұлға;
Тармақша 24
24) сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы – сауда-делдалдық қызмет көрсетулерді жүзеге асырғаны үшін мәміле тараптары бірінің ақшалай сыйақы немесе тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу бағасына жеңілдіктер беру (бағаны кеміту) нысанындағы өтеуі;
Тармақша 24-1
24-1) тәуекелсіз пайыздық мөлшерлеме – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып теңге үшін айқындалатын мөлшерлеме; еуро үшін Еуропалық банкаралық ұсыныс мөлшерлемесімен (EURIBOR) айқындалады; Америка Құрама Штаттарының доллары үшін «овернайт» қамтамасыз етілген қаржыландыру мөлшерлемесімен (SOFR) белгіленеді; қалған валюталар үшін мөлшерлеме шет мемлекеттің Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып айқындалады;
Тармақша 25
25) трансферттік баға (трансферттік баға белгілеу) – өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасау кезінде бағалар (маржа, рентабельділік) ауқымы ескеріле отырып, объективті түрде қалыптасатын нарықтық бағадан (маржадан, рентабельділіктен) айырмашылығы болатын, осы Заңға сәйкес бақылауға жататын баға;
Тармақша 26
26) трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім – белгілі бір кезеңге нарықтық бағаны айқындау әдісі және нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі белгіленетін, уәкілетті орган мен мәмілеге қатысушының арасындағы жазбаша шарт;
Тармақша 27
27) трейдер – тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде дербес және (немесе) мәмілеге қатысушының тапсырмасы бойынша делдалдық функцияларды жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 28
28) түпкі тұтынушы – мәмілеге қатысушылармен осындай мәмілеге қатысушылар жүзеге асыратын мәміленің экономикалық нәтижелеріне ықпал ететін ерекше өзара қарым-қатынастары жоқ тәуелсіз тарап;
Тармақша 28-1
28-1) түсім – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілік жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер;
Тармақша 29
29) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы;
Тармақша 30
30) ұзақ мерзімдік баға – ресми танылған ақпарат көздерінде және (немесе) мәмілеге қатысушылар арасындағы келісімшартта (шартта) белгілі бір кезеңге белгіленген мәміле бағасы;
Тармақша 30-1
30-1) халықаралық топ – осындай халықаралық топтың негізгі компаниясын қоса алғанда, халықаралық топқа қатысушылар болып табылатын, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлғалардың жиынтығы: осы тармақшаның бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлғалар жиынтығының құрамына Қазақстан Республикасының резидентi болып танылатын не Қазақстан Республикасының резиденті болып танылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi құрылымдық бөлiмше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын ең болмағанда бiр тұлға кіреді; бақылау және (немесе) қатысу арқылы өзара байланысты болады; халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына немесе бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес өздеріне қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалады не қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғалардың мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалған кезде ескерілмейді;
Тармақша 30-2
30-2) халықаралық топқа қатысушы – мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін тұлға: халықаралық топтың негізгі компаниясы; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, өзіне қатысты халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын не егер осындай тұлғаның бағалы қағаздары қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберілген болса, шоғырландырылған қаржылық есептілік (ол болмаған жағдайда) жасалуы мүмкін болған тұлға; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғаның мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалған кезде ескерілмейтін тұлға; осы тармақшаның екінші және (немесе) үшінші және (немесе) төртінші абзацтарында айқындалған, осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені құрған тұлғаны ішкі бақылау не оның қаржылық, салықтық немесе өзге де реттеушілік есептілігі мақсаттары үшін өзіне қатысты жеке қаржылық есептілік жасалатын тұлғаның құрылымдық бөлімшесі немесе тұрақты мекемесі;
Тармақша 30-3
30-3) халықаралық топқа уәклетті қатысушы – халықаралық топтың негізгі компаниясы болып табылмайтын, бірақ: халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың атынан еларалық есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілеттік берген және еларалық есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда халықаралық топтың негізгі компаниясы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын, немесе халықаралық топқа өзге қатысушы халықаралық топтың немесе осындай қатысушының атынан негізгі есептілікті және (немесе) жергілікті есептілікті тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топқа өзге қатысушы резиденті болып табылатын не халықаралық топқа осындай қатысушы кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын мемлекетте (аумақта) дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілеттік берген халықаралық топқа қатысушы. Уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті және (немесе) жергілікті есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топқа өзге қатысушы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. Осы Заңда реттелетін құқықтық қатынастарда халықаралық топқа уәкілетті қатысушының әрекеттері (әрекетсіздігі) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға тиісті өкілеттіктер берген халықаралық топқа қатысушының әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады;
Тармақша 30-4
30-4) халықаралық топтың негізгі компаниясы – бір мезгілде мынадай шарттарды қанағаттандыратын халықаралық топқа қатысушы: осындай қатысушы халықаралық топқа басқа қатысушылардың жарғылық капиталына тікелей және (немесе) жанама қатысады және мұндай қатысудың үлесі халықаралық топқа қатысушыларға қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау үшін жеткілікті шаманы құрайды; осындай қатысушының үстінен басқа негізгі компания болмайды; халықаралық топқа бірде-бір өзге қатысушы осы тармақшада көрсетілген барлық шарттарды бір мезгілде қанағаттандырмайды;
Тармақша 31
31) халықаралық іскерлік операциялар – мәмілеге қатысушының бірі Қазақстан Республикасында тіркелмеген бейрезидент болып табылатын және мәмілеге қатысушының екіншісі Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын мәмілелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары жерлерде жасаған мәмілелері;
Тармақша 32
32) шоғырландырылған қаржылық есептілік – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілік жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес жасалатын, халықаралық топтың негізгі компаниясының және халықаралық топқа басқа да қатысушылардың активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістері, шығыстары және ақша ағындары бір тұлғаның активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістері, шығыстары және ақша ағындары ретінде ұсынылған халықаралық топтың қаржылық есептілігі.
Бап 3. 3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру
3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау (бұдан әрі - бақылау) мынадай:
Тармақша 1
1) халықаралық іскерлік операциялар бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында жасалған, мынадай: тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша; тараптардың бірінде салықтар бойынша жеңілдіктер болатын; тараптардың бірі мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салықтық кезең ішінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шегетін; тараптарда корпоративтік табыс салығының әртүрлі мөлшерлемесі болатын халықаралық іскерлік операцияларға тікелей өзара байланысты мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бақылау уәкілетті органның:
Тармақша 1
1) мәмілелер мониторингін;
Тармақша 2
2) тексерулер;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де рәсімдерді жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
Тармақ 4
Бап 4. 4-бап. Уәкілетті органның өкілеттіктері
4-бап. Уәкілетті органның өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) мәмілеге қатысушылардан, мемлекеттік органдардан және үшінші тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нарықтық баға мен дифференциалды айқындауға қажетті ақпаратты, сондай-ақ мәмілелерге мониторинг жүргізу үшін басқа да деректерді сұратуға;
Тармақша 2
2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) мәмілелер мониторингін жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6
6) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға;
Тармақша 7
7) осы Заңның 7-2 және 7-3-баптарында белгіленген жағдайларда, халықаралық топқа қатысушыға есепті қаржы жылы үшін негізгі және (немесе) еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсыну туралы талапты жіберуге құқылы.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) осы Заңның ережелері қолданылатын мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтарын сақтауға;
Тармақша 2
2) мемлекет мүдделерін қорғауға;
Тармақша 3
3) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарауға;
Тармақша 3-1
3-1) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға өтінішін мәмілеге қатысушыдан өтініш алған күннен бастап тоқсан жұмыс күні ішінде қарауға;
Тармақша 3-2
3-2) мәмілеге қатысушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жіберуге;
Тармақша 4
4) мәмілелер мониторингі бойынша белгіленген есептілік нысандарын толтыру тәртібін түсіндіруге;
Тармақша 5
5) бақылауды жүзеге асыру барысында алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша мәмілеге қатысушылардың шағымдарын қарауға міндетті.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктердi орындайды.
Бап 5. 5-бап. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
5-бап. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың:
Тармақша 1
1) уәкілетті органға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге;
Тармақша 2
2) уәкілетті органнан Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы бойынша ақпарат пен түсіндірмелер алуға;
Тармақша 3
3) бақылауды жүзеге асыруға байланысты туындайтын мәселелер бойынша жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өз мүдделерін білдіруге;
Тармақша 4
4) бақылауды жүзеге асыру және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау барысында уәкілетті органға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен тексерулердің актілері бойынша хабарламаларға және уәкілетті орган лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
Тармақша 6
6) тексеруге дейін мәміленің бағасын және (немесе) салық салу объектілерін, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерді дербес түзетуге;
Тармақша 7
7) уәкілетті органмен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісімдер жасасуға құқығы бар. Бұл ретте халықаралық топқа қатысушының өзінің атынан еларалық және (немесе) негізгі және (немесе) жергілікті есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға халықаралық топқа басқа қатысушыға уәкілеттік беруге де құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар.
Тармақ 3
3. Мәмілеге қатысушылар:
Тармақша 1
1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның заңды талаптарын орындауға;
Тармақша 3
3) мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын есептілікті және құжаттаманы жүргізуге;
Тармақша 4
4) осы Заңда айқындалған тәртіппен уәкілетті органға мәмілелер мониторингі бойынша ақпаратты және есептілікті, сондай-ақ өзге де құжаттарды беруге міндетті. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мәмілеге қатысушы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын ақпаратты және құжаттарды береді;
Тармақша 5
5) тексерулер жүргізу барысында уәкілетті органның талап етуі бойынша қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге;
Тармақша 6
6) егер мәмілеге қатысушыға жергілікті есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген болса, осындай есептілікті жүргізуге міндетті.
Тармақ 4
4. Халықаралық топқа қатысушылар:
Тармақша 1
1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның заңды талаптарын орындауға;
Тармақша 3
3) осы Заңның 5-1-бабына сәйкес уәкілетті органға халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсынуға;
Тармақша 4
4) егер халықаралық топқа қатысушыға негізгі және (немесе) еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап жүктелген болса, осындай есептілікті жүргізуге;
Тармақша 5
5) осы тармақтың 6) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органға трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсынуға;
Тармақша 6
6) осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша негізгі және (немесе) еларалық есептілікті ұсынуға міндетті.
Тармақ 5
5. Мәмілеге қатысушылар және халықаралық топқа қатысушылар осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
Бап 5-1. 5-1-бап. Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш
5-1-бап. Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш
Тармақ 1
1. Халықаралық топқа қатысушы уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей өзінің халықаралық топқа қатысуы туралы өтінішті ұсынуға міндетті. Өтініштің нысанын және оны толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Халықаралық топқа қатысушы мәліметтердің толық емес екенін, халықаралық топқа қатысу туралы ұсынылған өтінішті толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда осындай қатысушы жаңартылған ақпаратты ескере отырып, түзетілген өтінішті ұсынуға міндетті. Бұл ретте осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім түзетілген өтінішті ұсынуға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Халықаралық топқа қатысушының халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсынбауы немесе халықаралық топқа осындай қатысушының уәкілетті органға анық емес мәліметтерді қамтитын өтінішті ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 6. 6-бап. Мәмілелер мониторингі
6-бап. Мәмілелер мониторингі
Тармақ 1
1. Мәмілелер мониторингі мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларды уәкілетті органның байқап отыруы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Халықаралық іскерлік операциялар мәмілелер мониторингіне жатады. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық іскерлік операциялар бойынша ұсынылады.
Тармақ 3
3. Мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқығаны анықталған жағдайда уәкілетті орган мәмілелер мониторингінің нәтижелері бойынша трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізеді.
Тармақ 4
4. Мәмiлелер мониторингiн жүзеге асыру қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi және оларда мәмiлеге қатысушының мәмілелер мониторингі бойынша бекiтiлген есептiлiк нысандарын толтыру және оларды уәкілетті органға ұсыну тәртібі, сондай-ақ мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргiзу тәртібі қамтылады.
Бап 7. 7-бап. Трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік
7-бап. Трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік
Тармақ 1
1. Трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік мынадай есептілік түрлерінен тұрады:
Тармақша 1
1) жергілікті;
Тармақша 2
2) негізгі;
Тармақша 3
3) еларалық. Трансферттік баға белгілеу бойынша есептіліктің нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Мәмілеге қатысушы және (немесе) халықаралық топқа қатысушы ұсынылған есептілікте мәліметтердің толық емес екенін, оны толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда, мұндай қатысушы жаңартылған ақпаратты ескере отырып, түзетілген есептілікті ұсынуға міндетті. Бұл ретте есептілікті ұсыну бойынша осы Заңда белгіленген мерзімдер түзетілген есептілікті ұсынуға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Мәмілеге қатысушының және (немесе) халықаралық топқа қатысушының осы бапта көзделген есептілікті ұсынбауы немесе анық емес мәліметтерді қамтитын есептілікті ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 7-1. 7-1-бап. Жергілікті есептілік
7-1-бап. Жергілікті есептілік
Тармақ 1
1. Мәмілеге қатысушы есепті қаржы жылы үшін жергілікті есептілікті уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Осы баптың ережелері есепті қаржы жылында осы Заңның 11-бабы екінші бөлігінің 16) – 20) тармақшаларына сәйкес өзара байланысты тараптар деп айқындалған тұлғалармен жасалған мәмілелерді қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілген мәмілелерді өзара байланысты тараптармен жасаған және түсімінің мөлшері есепті қаржы жылының алдындағы қаржы жылы үшін өзінің қаржылық есептілігіне сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем болмайтын мәмілеге қатысушыға қолданылады.
Бап 7-2. 7-2-бап. Негізгі есептілік
7-2-бап. Негізгі есептілік
Тармақ 1
1. Халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін негізгі есептілікті уәкілетті органға оның талап етуі бойынша ұсынады. Халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін негізгі есептілікті ұсыну туралы талапты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде халықаралық топқа қатысушы осындай есептілікті уәкілетті органға ұсынады. Уәкілетті орган негізгі есептілікті халықаралық топқа қатысушыдан тиісті қаржы жылы аяқталған күннен кейінгі он екі ай өткен соң талап ете алады. Бұл ретте халықаралық топқа қатысушы бейрезидент болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясының немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушының (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) жасау жөніндегі талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген негізгі есептілік бойынша ақпаратқа ұқсас ақпаратты қамтитын негізгі есептілігінің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынған жағдайда негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме орындалды деп есептеледі. Егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті шет мемлекеттің құзыретті органына электрондық түрде ұсынған жағдайда, мұндай есептіліктің көшірмесін нотариатта куәландыру талап етілмейді.
Тармақ 2
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органның талап етуі бойынша негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;
Тармақша 2
2) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті ұсынуға тиіс болған жағдайда);
Тармақша 3
3) халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы болып табылмайтын резидентке;
Тармақша 4
4) егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті ұсынуға тиіс болған жағдайда) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылады. Егер осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшасында аталған тұлғаның атынан халықаралық топқа уәкілетті қатысушы немесе осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшасында аталған тұлға қатысушысы болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен негізгі есептілікті ұсынған жағдайда, онда осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшасында аталған тұлғаның уәкілетті органның талап етуі бойынша негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндеті орындалды деп есептеледі.
Тармақ 3
3. Осы баптың ережелері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін халықаралық топқа қатысушыға қолданылады:
Тармақша 1
1) халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылында осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелерді жасайды;
Тармақша 2
2) негізгі есептілік ұсынылатын есепті қаржы жылының тікелей алдындағы қаржы жылы үшін халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша түсім мөлшері: егер халықаралық топтың негізгі компаниясы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық ресми валюта бағамы қолданыла отырып, 750 миллион еуроға баламалы; егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда және осындай шет мемлекетте еларалық есептілікті ұсыну бойынша заңнама болған кезде – осындай мемлекеттің құзыретті органына еларалық есептілік ұсыну жөніндегі міндеттің туындауы үшін халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) резиденті болып табылатын шет мемлекеттің заңнамасында белгіленген сомадан кем емес болады.
Бап 7-3. 7-3-бап. Еларалық есептілік
7-3-бап. Еларалық есептілік
Тармақ 1
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін еларалық есептілікті уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей ұсынады. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін еларалық есептілікті уәкілетті органға оның талап етуі бойынша, еларалық есептілікті ұсыну туралы талапты халықаралық топқа қатысушы алған күннен бастап 12 айдан кешіктірмей ұсынады. Бұл ретте халықаралық топқа қатысушы бейрезидент болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясының немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушының (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) жасау жөніндегі талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген еларалық есептілік бойынша ақпаратқа ұқсас ақпаратты қамтитын еларалық есептілігінің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынған жағдайда еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме орындалды деп есептеледі. Егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы еларалық есептілікті шет мемлекеттің құзыретті органына электрондық түрде ұсынған жағдайда, мұндай есептіліктің көшірмесін нотариатта куәландыру талап етілмейді.
Тармақ 2
2. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;
Тармақша 2
2) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) жүктеледі.
Тармақ 3
3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:
Тармақша 1
1) мынадай шарттардың бірі сақталған кезде: халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің (аумақтың) заңнамасына сәйкес еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттемелері болмаса; халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған болса (уәкілетті органда ақпарат, оның ішінде шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органынан алынған ақпарат болған кезде); халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) резиденті болып табылатын мемлекеттің (аумақтың) Қазақстан Республикасымен салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін қолданыстағы халықаралық шарты (келісімі) болмаса; халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) резиденті болып табылатын мемлекет (аумақ) уәкілетті органмен автоматты түрде ақпарат алмасу жөніндегі міндеттемелерді жүйелі түрде орындамауға жол берсе, халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы болып табылмайтын резидентке;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттарға ұқсас шарттардың бірі сақталған кезде халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылады. Осы тармақтың 1) тармақшасы бесінші абзацының мақсаттары үшін Қазақстан Республикасымен салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін халықаралық шарт (келісім) болған кезде шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы уәкілетті органға еларалық есептілік бойынша мәліметтерді ұсынудан бас тартқан немесе шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы уәкілетті органмен қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын халықаралық топқа қатысты еларалық есептіліктің деректері бойынша автоматты түрде ақпарат алмасуды уәкілетті орган тиісті сұрау салуды жібергеннен кейін екі жылдан астам уақыт ішінде жүзеге асырмаған жағдайлар автоматты түрде ақпарат алмасу жөніндегі міндеттемелерді жүйелі түрде орындамау деп түсініледі.
Тармақ 4
4. Осы баптың ережелері, егер еларалық есептілік ұсынылатын есепті қаржы жылының тікелей алдындағы қаржы жылы үшін халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша түсім мөлшері: егер халықаралық топтың негізгі компаниясы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық ресми валюта бағамы қолданыла отырып, 750 миллион еуроға баламалы; егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда және осындай шет мемлекетте еларалық есептілікті ұсыну бойынша заңнама болған кезде – осындай мемлекеттің құзыретті органына еларалық есептілік ұсыну жөніндегі міндеттің туындауы үшін халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы резиденті болып табылатын шет мемлекеттің заңнамасында белгіленген сомадан кем емес болатын жағдайда халықаралық топтың негізгі компаниясына немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) немесе уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген халықаралық топқа өзге қатысушыға қолданылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін халықаралық шарт (келісім) негізінде, қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын халықаралық топтың қызметіне қатысты еларалық есептілік деректерінің осындай халықаралық шарттың (келісімнің) тараптары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жыл сайынғы негізде автоматты түрде ақпарат алмасу арқылы ұсынылуын сұратуға және талап етуге тиіс.
Тармақ 6
6. Шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы өзаралық қағидатын сақтаған жағдайда, уәкілетті орган тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін қолданыстағы халықаралық шарт (келісім) негізінде халықаралық топқа қатысушы резидент немесе кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органына Қазақстан Республикасында халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы ұсынған еларалық есептіліктің тиісті деректерін шет мемлекеттің сұрау салуы бойынша осындай халықаралық шарттың (келісімнің) тараптары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде автоматты түрде ақпарат алмасу арқылы жіберуге тиіс. Осы баптың мақсаттары үшін өзаралық қағидаты деп уәкілетті органның және шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органының еларалық есептіліктің деректерін өзара ұсынуы түсініледі.
Бап 7-4. 7-4-бап. Салық салу мақсатында трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті пайдалану
7-4-бап. Салық салу мақсатында трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті пайдалану Уәкілетті орган трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті салық салу мақсатында пайдалануға құқылы.
Бап 8. 8-бап. Уәкілетті органның басқа ұйымдармен өзара іс-қимылы
8-бап. Уәкілетті органның басқа ұйымдармен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мына субъектілерден:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан;
Тармақша 2
2) банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;
Тармақша 3
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, сақтандыру брокерлерінен;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан;
Тармақша 5
5) аудиторлардан, аудиторлық ұйымдардан;
Тармақша 6
6) халықаралық іскерлік операцияларға қатысы бар өзге де ұйымдардан мәміле бағасының қолданылу дұрыстығын айқындау үшін қажетті ақпарат сұратуға құқылы.
Тармақ 2
2. Ақпарат беру және мемлекеттік органдардың мамандарын тексерулерге тарту туралы сауалдар күнтізбелік отыз күн ішінде орындалуға міндетті.
Бап 9. 9-бап. Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу
9-бап. Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) мәміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мәміле бағасының нарықтық бағалардан ауытқу фактісі анықталған кезде;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан алынған трансферттік бағаларды қолдану фактілері туралы ақпарат негізінде;
Тармақша 3
3) нарықтық бағалар бойынша ақпарат көздері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау мәселелері бойынша уәкілетті органдар жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу кезінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізеді.
Тармақ 2
2. Трансферттік бағаларды қолдану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексеруді және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.
Бап 10. 10-бап. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету
10-бап. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету
Тармақ 1
1. Тексеру жүргізу барысында бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мәміле бағасының нарықтық бағалардан және (немесе) мәмілеге қатысушы рентабельділігінің рентабельділік ауқымынан ауытқу фактісі анықталған кезде уәкілетті орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасайды.
Тармақ 2
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, биржалық тауарлар бойынша ақпарат көздерінде көрсетілген бағалар ауқымы және дифференциал ескеріле отырып, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады. Биржалық тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 3
3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, ауыл шаруашылығы өнімімен мәмілелер бойынша мәміленің бағасы нарықтық бағадан он проценттен артық ауытқыған кезде, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады.
Тармақ 4
4. Ағымдағы күнтізбелік жылдың алдағы айларының бірінде өндірілген (алынған) ауыл шаруашылығы өніміне қатысты ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 наурызы мен 1 шілдесі аралығындағы кезеңде жасалған экспорттық шарттар бойынша, егер экспорттық келісімшарт жасалғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде осы ауыл шаруашылығы өнімінің бөлек есебі жүргізілген және мәмілеге қатысушының (сатушының) банктік шоттарына резидент еместен экспорттық келісімшарттың жалпы сомасының кемінде елу проценті мөлшерінде ақшалай қаражат түскен жағдайда, мәміле бағасы мамандандырылған ұйымның ағымдағы күнтізбелік жылға белгіленген коммерциялық сатып алу бағасынан төмен болмаса, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалмайды.
Тармақ 5
5. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету мәміле бағасының (маржасының, рентабельділігінің) ақпарат көзінде көрсетілген, бағалар (маржа, рентабельділік) ауқымынан алынған медианалық мән ретінде айқындалған нарықтық бағадан (маржадан, рентабельділіктен) ауытқуы кезінде мыналармен:
Тармақша 1
1) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;
Тармақша 2
2) тауар айырбастау (бартерлік) операцияларын жүзеге асыратын;
Тармақша 3
3) мәміле жасалған жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен;
Тармақша 4
4) салықтар бойынша жеңілдіктері бар;
Тармақша 5
5) қарсы біртекті талапты есепке алу (талапты басқаға беру кезіндегі есепке алуды қоса алғанда) жолымен жүргізілетін мәмілелер жөніндегі міндеттемелерді орындауды жүзеге асыратын қатысушылармен жасалатын мәмілелерге жасалады.
Тармақ 5-1
5-1. Уәкілетті орган өзара байланысты тараптармен жасалған мәмілелер бойынша мәміле бағасы (маржасы, рентабельділігі) ақпарат көзінде көрсетілген, бағалар (маржа, рентабельділік) ауқымынан алынған медианалық мән ретінде айқындалған нарықтық бағадан (маржадан, рентабельділіктен) ауытқыған кезде жүргізілген салықтық тексерудің нәтижелері бойынша салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге түзету жүргізеді.
Тармақ 6
6. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасау негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар қолданыла отырып салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Салықтар және (немесе) кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктері бар мәмілеге қатысушыда бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған жағдайда, мәміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мәміле бағасының нарықтық бағадан (маржадан, рентабельділіктен) ауытқуы анықталған кезеңде салықтарды және төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік міндеттемелерді азайтатын заңнамасының арнайы ережелері қолданылмастан, жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Салыстырымды экономикалық шарттарда "қол созу" принципіне сай келмейтін, осы Заңның 16-бабына сәйкес жүзеге асырылатын пайданы бөлу фактісі анықталған кезде салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету есепті салық кезеңінің қорытындылары бойынша мәмілеге қатысушылар арасында жасалады. Осы тармаққа сәйкес түзету Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттардың нысандарын ресімдей отырып, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жөнелтілгенін растайтын төлем құжаттарын және бастапқы құжаттарды тиісті өзгертусіз, салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді өзгерту жолымен жүзеге асырылады. Мәмілеге қатысушының жалпы пайданың бір бөлігін мәмілеге қатысушылар арасында бір мезгілде аудара отырып, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жасаған түзетуі жағдайында алынған пайда есепті салық кезеңінде өткізуден түскен табыс ретінде қаралады, ал берілген пайда есепті салық кезеңінде өткізуден түскен табысты азайту ретінде қаралады. Осы тармаққа сәйкес салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге жасалатын түзету әрбір мәміле бойынша жеке-жеке, осы баптың 9-тармағында көзделген шарттарды сақтап, тиісті есептер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органдарына табыс етілетін тиісті салық есептілігінде көрсетілуге тиіс.
Тармақ 9
9. Егер мұндай түзету салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларының өсуіне әкеп соғатын немесе одан әрі өсуіне әкеп соғуы мүмкін болса, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге түзету жасалады.
Тармақ 10
10. Бағалар ауқымы ескерiле отырып, мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы кезiнде салық салу объектiлерiне және (немесе) салық салумен байланысты объектiлерге мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта мәміле бағасы және (немесе) баға белгілеу тәртібі (әдістемесі) белгіленген немесе айқындалған;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен басқа да мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісімдерде мәміле бағасы белгіленген;
Тармақша 2-1
2-1) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасы және (немесе) баға белгілеу тәртібі (әдістемесі) белгіленген кезде түзету жасалмайды. Мәміле бағасының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген және (немесе) қалыптастырылған бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу туралы өтінішті мәмілеге қатысушы ұсынылып отырған бағаның және (немесе) баға белгілеу тәртібінің (әдістемесінің) экономикалық негіздемесін, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық салдарлардың туындау қатерін растайтын құжаттарды (есептерді, негіздемелерді) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу қажеттігінің негіздемесін қоса тіркей отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынады. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шешімдердің бірін:
Тармақша 1
1) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеудің орындылығы туралы шешім қабылдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеу туралы ұсыныстарды жолдайды;
Тармақша 2
2) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістемесін) белгілеудің орынсыздығы туралы шешім қабылдайды және мәмілеге қатысушыға дәлелді бас тартуды жолдайды.
Тармақ 11
11. Салық төлеуші кешенді салықтық тексеруді (трансферттік баға белгілеу мәселелері енгізілген жағдайда) және трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тақырыптық тексеруді жүргізу басталғанға дейін салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге дербес түзету жасаған кезде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары бағалар ауқымы және (немесе) рентабельділік (маржа) ауқымы қолданыла отырып есептеледі және уәкілетті органға ұсынылатын тиісті салық есептілігі көрсетіле отырып, айыппұл есептелмей енгізілуге тиіс.
Тармақ 12
12. Жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәмілеге қатысушының салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілеріне түзету мынадай түрде:
Тармақша 1
1) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген әдісті қолдану кезінде – осы Заңның 13-бабы 5-тармағының ережелері ескерілмей;
Тармақша 2
2) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген әдістерді қолдану кезінде жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәмілеге қатысушының рентабельділігі ескерілмей жүргізіледі.
Бап 10-1. 10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету
10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау және салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету
Тармақ 1
1. Мәміле бағасы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 30 маусымға дейін бекіткен жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған құқықтық қатынастар субъектілеріне осы Заңда белгіленген нарықтық бағаны айқындау әдістері қолданылмайды. Мәміле бағасы жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған бағадан ауытқыған кезде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осындай тәртіпке (әдістемеге) сәйкес айқындалатын бағаға дейін жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Осы бап өнімді бөлу туралы келісім күшіне енген күннен бастап жасалған мәмілелерге қолданылады.
Бап 10-2. 10-2 бап. Мәміле шарттарын нарықтық шарттармен салыстыру және функционалдық талдау
10-2 бап. Мәміле шарттарын нарықтық шарттармен салыстыру және функционалдық талдау
Тармақ 1
1. Мәміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мәміле бағасының нарықтық бағалардан ауытқу фактісін анықтау үшін бақыланатын мәмілені дәл айқындау керек.
Тармақ 2
2. Бақыланатын мәмілені дәл айқындау процесінде мынадай экономикалық маңызы бар сипаттамаларды анықтау қажет:
Тармақша 1
1) міндеттерді, тәуекелдер мен пайданы және бақыланатын мәміленің тиісті тараптар арасында қалай бөлінетінін айқындау мақсатында жазбаша шарттарға да немесе басқа жазбаша дәлелдемелерге де, тараптардың нақты мінез-құлқына да негізделетін мәмілелер шарттары;
Тармақша 2
2) пайдаланылатын активтер мен қабылданатын тәуекелдерді ескере отырып, мәміле тараптарының әрқайсысы орындайтын функциялардың, активтердің және тәуекелдердің құн құрумен қалай байланысты екенін қоса алғанда, осындай функциялар;
Тармақша 3
3) мәміленің шарттарына ықпал етуі мүмкін тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары;
Тармақша 4
4) нарықтардың географиялық жағдайы мен ауқымын, орналасқан жерінің артықшылықтары, нормативтік құқықтық актілерін, жұмыс күшінің құны, капитал, сондай-ақ өндірістің басқа факторлары, жалпы экономикалық даму мен бәсекелестік деңгейі, сондай-ақ тиісті нарықтар сипаттамаларының болуы сияқты өңірлік айрықша факторларын қоса алғанда, тараптардың және тараптар жұмыс істейтін нарықтың экономикалық жай-күйі;
Тармақша 5
5) мәміле тараптарының нарыққа енгізу стратегиясын, өнімдердің өмірлік циклдерін немесе құқықтарды, инновацияларды, өнімдер әзірлеуді, тәуекелдерді болғызбауды және саясатты өзгертуді қамтитын, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына әсер ететін нарықтық (коммерциялық) стратегияларының сипаттамасы.
Тармақ 3
3. Бақыланатын мәмілені айқындау қорытындысы бойынша экономикалық маңызы бар сипаттамалар ескеріле отырып, бақыланатын мәміленің шарттары мен бағаларын нарықтық шарттармен немесе нарықтық бағалармен салыстыру жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Материалдық емес активтердің бақыланатын және салыстырымды мәмілелердің шарттарына әсерін айқындау мен талдау, атап айтқанда мыналар, бірақ бұл ғана емес:
Тармақша 1
1) материалдық емес активтерді заңды түрде иелену және оларды пайдаланудың шарттық жағдайлары ескеріле отырып, жүзеге асырылады. Егер материалдық емес активтің заңды иесі реттеуші келісімшарттарға сәйкес айқындалмаса, онда материалдық емес активті пайдалануға қатысты шешімдерді бақылайтын және басқа тұлғаларды материалдық емес активті пайдаланудан шектеуге практикалық мүмкіндігі бар салық төлеушілер осындай тұлға болып табылады;
Тармақша 2
2) материалдық емес активтердің санаттары мен сипаттамалары (құқықтық қорғаудың эксклюзивтілігі, дәрежесі және ұзақтығы, қолданудың географиялық қолдану аясы, тиімді пайдалану мерзімі, әзірлеу сатысы және өзге де санаттары мен сипаттамалары);
Тармақша 3
3) материалдық емес активтермен байланысты шарттық және нақты функциялары ескеріле отырып, жүзеге асырылады. Бұл функциялар осындай активтерді әзірлеуге, жетілдіруге, қолдауға, қорғауға және пайдалануға байланысты тәуекелдерді бақылауға қатысты функцияларды қамтиды.
Тармақ 5
5. Егер материалдық емес активтің заңды иесі осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген функцияларды және байланысты тәуекелдерді бақылауды жүзеге асыруды орындамаса, онда қарастырылып отырған материалдық емес активке қатысты кірістер мен шығыстарды бөлу осы иеленушіге жүргізілмейді және осындай функцияларды орындағаны үшін тиісті өтемақыны ұсыну арқылы осы функцияларды орындайтын басқа өзара байланысты тұлғалардың қатысуы ескеріліп жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген функцияларды орындамайтын және осындай функцияларды орындау үшін қаржыландыруды ғана ұсынатын материалдық емес активтің заңды иесі мынадай жағдайларда кіріс сомасын алуға құқылы:
Тармақша 1
1) егер қаржыландыруды ұсынатын тұлға өзіне кез келген басқа тәуекелді қабылдамай, қаржыландыруды ұсынуға байланысты қаржылық тәуекелді бақылауды жүзеге асырмаса, онда ол өзінің қаржыландыруынан тәуекелсіз пайыздық мөлшерлеме бойынша ғана кіріс алуға құқылы;
Тармақша 2
2) егер қаржыландыруды ұсынатын тұлға өзіне кез келген басқа тәуекелді қабылдамай, қаржыландыруды ұсынуға байланысты қаржылық тәуекелді бақылауды жүзеге асыратын болса, онда ол өзінің қаржыландыруынан тәуекелді ескеріліп түзетілген кірістілікті ғана алуға құқылы.
Тармақ 7
7. Егер жүзеге асырылған бақыланатын мәміленің шарттары жасалған (жазбаша) шарттың талаптарына сай келмесе және (немесе) бақыланатын мәміле тараптарының әрекеттері және оны жүргізу мән-жайлары осындай шарттың талаптарынан өзгеше болса, трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін бақыланатын мәміленің коммерциялық және (немесе) қаржылық сипаттамалары мәміле тараптарының іс жүзіндегі әрекеттеріне және оны жүргізудің нақты шарттарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 8
8. Егер бақыланатын мәміле жүзеге асырылса, бірақ құжатпен рәсімделмесе (расталмаса), трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін мәміле оның тараптарының нақты мінез-құлқына және оны жүргізудің нақты шарттарына сәйкес қаралуға тиіс, атап айтқанда, мәміле тараптары орындаған функциялар, пайдаланылған активтер және тараптардың әрқайсысы өзіне қабылдаған және бақылаған тәуекелдер ескеріледі.
Тармақ 9
9. Экономикалық маңызы бар тәуекелдерді айқындау үшін мыналар қажет:
Тармақша 1
1) мәміле тәуекелдерін егжей-тегжейлі айқындау;
Тармақша 2
2) шарттық қатынастар негізінде тәуекелдерді бөлуді айқындау;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді бақылауға және азайтуға байланысты функцияларды мәміле тараптары қалай орындайтынын және осы тәуекелдердің нәтижелері мәміле тараптарына қалай әсер ететінін және мәміле тараптарының қайсысында осы тәуекелдердің әсерін қабылдауға қаржылық мүмкіндік бар екенін айқындау;
Тармақша 4
4) тәуекелдерді шарттық бөлу мен тараптардың мінез-құлқы арасындағы сәйкестікті айқындау. Егер шарт бойынша тәуекелдерді қабылдайтын тарап тәуекелдерді бақылау жөніндегі функциялардың барлығын немесе көпшілігін орындайтын және өзіне тәуекелдерді қабылдау үшін қаржылық мүмкіндіктері бар тараптан өзгеше болса, онда тәуекел осы мәміле тарапына бөлінеді. Осы талдаудың мақсаттары үшін тәуекел жүктелмеген басқа мәміле тараптары сонда да өздері орындайтын функциялар үшін тиісті сыйақыны алуға тиіс.
Тармақ 10
10. Егер мәміле тараптарының әрекеттеріне және оның орындалуына сәйкес айқындалған, трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін бақыланатын мәміленің шарттары салыстырымды экономикалық жағдайларда экономикалық себептердің болуы ескеріле отырып, тәуелсіз тараптар арасында қолданылатын шарттардан өзгеше болса және салыстырымды экономикалық жағдайларда әрекет ететін және мәміле тараптарының әрқайсысы үшін қолжетімді баламалы нұсқаларды ескеріле отырып, кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз тараптардың мұндай бақыланатын мәмілеге келмеуі мүмкін екені анықталатын болса, уәкілетті органның салық төлеушінің салық есебін есептеу кезінде мұндай бақыланатын мәмілені ескермеуге (мойындамауға) құқығы бар немесе мәміле салыстырымды экономикалық жағдайларда кіріс алу мақсатында әрекет ететін тәуелсіз тараптар жасауы мүмкін мәміленің (келісімшарттың) талаптарын айқындау мақсатында баламалы нұсқаға ауыстырылуы мүмкін.
Бап 11. 11-бап. Тараптардың өзара байланыстылығын айқындау
11-бап. Тараптардың өзара байланыстылығын айқындау Өздерінің арасындағы мәмілелердің (операциялардың) экономикалық нәтижелеріне ықпал ететін ерекше өзара қарым-қатынастары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар өзара байланысты тараптар болып танылады. Мұндай ерекше өзара қарым-қатынастар мынадай:
Тармақша 1
1) бір тұлға басқа тұлғаның үлестес тұлғасы болып танылған;
Тармақша 2
2) тұлға мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы (дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін иеленуші) болып табылатын;
Тармақша 3
3) мүлікті сенімгерлікпен басқаруды қоса алғанда, мәмілеге қатысушымен шарт арқылы өзара байланысты тұлға, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға сәйкес сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындауға құқылы болатын;
Тармақша 4
4) мүліктің меншік иесі осы мүлікке қатысты, оның ішінде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға сәйкес меншік иесі осындай тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы болатын шарт негізінде, мүліктің меншік иесінің бір немесе бірнеше құқықтық өкілеттігі (иелену, пайдалану, билік ету) берілген тұлғамен өзара байланысты болатын;
Тармақша 5
5) тәуелсіз директорды қоспағанда, тұлға осы баптың 2), 3), 6) - 10) тармақшаларында аталған мәмілеге қатысушының немесе заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылатын;
Тармақша 6
6) заңды тұлғаны мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға бақылайтын;
Тармақша 7
7) мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғаға қатысты мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға ірі акционер, ірі қатысушы болып табылатын;
Тармақша 8
8) мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғаға қатысты мәмілеге қатысушы ірі акционер, ірі қатысушы болып табылатын;
Тармақша 9
9) заңды тұлға мәмілеге қатысушымен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болатын;
Тармақша 10
10) тұлға осы баптың 2), 3), 6)-9) тармақшаларында аталған мәмілеге қатысушының не заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп иеленетін, пайдаланатын, оған билік ететін;
Тармақша 11
11) мәмілеге қатысушының тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға ірі акционер, ірі қатысушы не лауазымды тұлға болып табылатын жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы), жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап алушысы, асырап алғаны, аға-інісі, апа-қарындасы (сіңлісі), әжесі, атасы, немересі), сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, апа-қарындасы (сіңлісі), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылатын;
Тармақша 12
12) егер бір ғана тұлға мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екі шарты бойынша да сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болса және өздері қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болса, екі сенімгерлікпен басқарушы өзара байланысты болатын;
Тармақша 13
13) егер сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындайтын мүмкіндігі болса, сенімгерлікпен басқарушы және онда сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы ірі акционер не ірі қатысушы (дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін иеленетін) болып табылатын ұйым болатын;
Тармақша 14
14) егер сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындау мүмкіндігі бар бір ғана тұлға мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екі шарты бойынша да сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болып табылса, мүлікті сенімгерлікпен басқарудың бір шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы және мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екінші шарты бойынша пайда алушы өзара байланысты болып танылатын;
Тармақша 15
Тармақша 16
16) тұлға басқа тұлғаның және оның өзара байланысты тарапының материалдық емес активтерін және (немесе) зияткерлік меншік құқықтарын пайдаланып өнім өндіретін немесе оны сататын, солар үшін өзі жиынтығында мұндай өнімдердің бастапқы құнының (немесе өзіндік құнының) елу пайызынан астамын құрайтын төлемдерді жүргізуге тиіс болатын;
Тармақша 17
17) тұлға және (немесе) оның өзара байланысты тарапы дайын өнімді өндіру үшін басқа тұлға пайдаланатын шикізаттың, материалдардың немесе бастапқы өнімнің жалпы құнының (негізгі құралдардың амортизация шығыстары есепке алынбаған) елу пайыздан астамын беретін;
Тармақша 18
18) тұлға және (немесе) оның өзара байланысты тарапы халықаралық іскерлік операциялар болып табылатын мәмілелер бойынша басқа тұлғаның есепті күнтізбелік жылдағы түсімінің елу пайыздан астамын қалыптастыратын;
Тармақша 19
19) тұлғалардың бірі тәуелсіз халықаралық қаржы ұйымы немесе шет мемлекеттің мемлекеттік мекемесі болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ тұлғалардың бірінде Қазақстан Республикасында немесе шет мемлекетте берілген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясы болған жағдайларды қоспағанда, тұлғаның мәміле жасалған немесе мәміленің негізгі шарттары қайта қаралған күні басқа тұлға алдындағы жалпы берешегі меншікті капиталдың елу пайызынан асатын немесе есепті күнтізбелік жылдың соңындағы жалпы борыш сомасының кемінде он пайызына басқа тұлға кепілдік беретін;
Тармақша 20
20) тұлғаға есепті күнтізбелік жылға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу немесе сату кезінде жазбаша келісімге сәйкес компанияның агенті, дистрибьюторы немесе дилері ретінде құқықтар берілген шарттарды қамтиды. Осы баптың екінші бөлігінің 16) – 20) тармақшаларында көзделген шарттар: қаржылық есептілігі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес ашық қолжетімділікте жарияланатын және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) қатысушы елдердің қор биржаларында ұсынылған; қаржылық есептілігі ХҚЕС-ке сәйкес ашық қолжетімділікте жарияланатын және (немесе) ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің қор биржаларында ұсынылған халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын; қаржылық есептілігі уәкілетті органның талап етуі бойынша оған сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей ұсынылатын мәмілеге қатысушы-бейрезидентке қолданылмайды. Бұл ретте қаржылық есептілікті тәуелсіз аудиторлық ұйым растауға тиіс.
Бап 12. 12-бап. Нарықтық бағаны айқындау әдістері
12-бап. Нарықтық бағаны айқындау әдістері
Тармақ 1
1. Нарықтық бағаны айқындау мақсатында мынадай әдістердің бірі қолданылады:
Тармақша 1
1) салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі;
Тармақша 2
2) "шығындарға қосу" әдісі;
Тармақша 3
3) кейіннен өткізу бағасы әдісі;
Тармақша 4
4) пайданы бөлу әдісі;
Тармақша 5
5) таза пайда әдісі.
Тармақ 2
2. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген әдістердің бірі қолданылады, ол жасалатын мәміленің нақты мән-жайлары мен шарттары ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағаларға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы неғұрлым негізделген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. 3. Тиісті әдісті таңдау негізделген болуға тиіс, мұнда мәмілеге қатысушы мынадай мән-жайларды: 1) пайдаланылатын активтер мен болжанатын тәуекелдерді ескере отырып, жасалатын операцияда әрбір қатысушы орындайтын функцияларды талдау жолымен айқындалатын, жасалатын мәміленің сипаты ескерілетін әдісті таңдауды; 2) трансферттік баға белгілеудің таңдалған әдісін қолдануға қажетті анық ақпараттың болуын; 3) салыстырымдылыққа келтіру үшін түзетулердің сенімділігін қоса алғанда, бақыланатын және бақыланбайтын операциялардың салыстырымдылық дәрежесін ескереді.
Бап 13. 13-бап. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі
13-бап. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі
Тармақ 1
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі салыстырымды экономикалық шарттарда тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған мәміле бағасын бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша бағалар ауқымы ескеріле отырып, нарықтық бағамен салыстыру жолымен қолданылады. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) нарықтық бағасын айқындау кезінде осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізетін кездегі тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары туралы ақпарат ескеріледі. Егер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартының талаптарында белгіленім кезеңін қолдану көзделген жағдайда, биржалық тауарлардың, сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың бағасы дифференциал ескеріле отырып, белгіленім кезеңіндегі тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) күнделікті белгіленімдердің кез келген бір ақпарат көзінде жарияланған орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады. Белгіленім кезеңіндегі баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні мынадай формула бойынша айқындалады: P1 + P2 + Pn S = -------------- n мұнда: S - белгіленім кезеңіндегі тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні; P1, P2, …, Pn – белгіленім кезеңі ішінде баға белгіленімдері жарияланған күндерде тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні; n – баға белгіленімдері жарияланған белгіленім кезеңіндегі күндердің саны. Белгіленім кезеңіндегі тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні мынадай формула бойынша айқындалады: Cn1 + Cn2 Pn = ------------ 2 мұнда: Pn – тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні; Cn1 – тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімінің ең төменгі (min) мәні; Cn2 – тиісті тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) күнделікті баға белгіленімінің ең жоғарғы (max) мәні. Бір күнге ең төменгі және ең жоғарғы баға белгіленімдері болмаған кезде орташа арифметикалық мән ретінде тиісті күндегі белгіленімнің нақты мәні қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның мақсаттары үшін шарт шеңберінде тауардың (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) құжаттамалық расталған әрбір берілімі мәміле болып танылады, ал өткізу бағасын нарықтық бағамен салыстыру сатып алушының тіркелген еліне қарамастан тиісті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығында ғана жүзеге асырылады. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға меншік құқығының ауысқан күні тауардың өткізілген кезі болып табылады. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартында белгіленген белгіленім кезеңі ол белгіленген күннен бастап он екі айлық кезең ішінде өзгертуге жатпайды. Осы Заңның мақсаттары үшін белгіленім кезеңі келісімшарт талаптарына сәйкес мынадай уақыт аралығында айқындалуға тиіс: мұнай бойынша:
Тармақша 1
1) тауарды теңіз көлігімен өткізген кезде тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін бес белгіленім күнінен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін бес белгіленім күнінен аспауға;
Тармақша 2
2) тауарды теңіз көлігімен өткізуді қоспағанда, магистральдық құбыржол көлігімен және көліктің өзге түрімен өткізу кезінде тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін; мұнайды қоспағанда, биржалық тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша – тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға; бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлар бойынша – тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік бір жүз жиырма үш күннен аспауға тиіс. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу келісімшартында белгіленген белгіленім кезеңі осы бапта белгіленген белгіленім кезеңін айқындау шарттарына сәйкес келмеген жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағалары осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу кезінде қабылданады. Ұзақ мерзімдік бағасы көрсетілген биржалық емес тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) ұзақ мерзімдік келісімшарттар бойынша нарықтық бағаны айқындау үшін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу кезі, мына шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда, шарттың жасалған кезі болып табылады:
Тармақша 1
1) шарт бойынша мәмілелердің жасалуы шарт жасалған күннен бастап бір ай ішінде басталады;
Тармақша 2
2) нарықтық баға ұзақ мерзімдік келісімшарттар үшін осы Заңға сәйкес шарт жасалатын күннің алдындағы соңғы күнге белгіленген, ресми түрде танылған ақпарат көздерінен айқындалады;
Тармақша 3
3) ұзақ мерзімдік баға бір жылдан артық қолданылмайды және өзара қарым-қатынастары осы Заңның 11-бабы екінші бөлігінің 16) – 20) тармақшаларында көзделген шарттарды да қамтитын мәмілеге қатысушылар арасындағы түпкі келісімшартпен немесе Қазақстан Республикасының резиденті-мәмілеге қатысушымен үлестес трейдер және тәуелсіз тарап болып табылатын түпкі тұтынушы арасындағы кейінгі келісімшартпен расталады. Уәкілетті органның сұратуы бойынша ұсынылған құжаттар келісімшарттың орындалуының дәлелдемесі болып табылады.
Тармақ 3
3. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі сыртқы немесе ішкі салыстыру жолымен нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылады. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін сыртқы салыстыру жолымен қолдану мүмкін болмаған кезде салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі ішкі салыстыру жолымен қолданылады. Бұл ретте, сыртқы салыстыру кезінде мәмілеге қатысушының салыстырымды мәмілелері тәуелсіз екі және одан да көп тарап арасындағы салыстырымды мәмілелермен салыстырылады. Ішкі салыстыру кезінде мәмілеге қатысушы мен өзара байланысты тарап арасындағы және сол мәмілеге қатысушы мен тәуелсіз тарап арасындағы салыстырымды мәмілелер салыстырылады.
Тармақ 4
4. Салыстырымды бақыланбайтын баға әдісін қолданған кезде нарықтық баға былайша айқындалады:
Тармақша 1
1) ақпарат көзінде бағасы бар тиісті рынокқа тасымалдау бағыты туралы құжаттамалық расталған ақпараты бар тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) мәмілелер жасасу үшін нарықтық баға бағалар ауқымы ескеріле отырып, ақпарат көзінен алынған баға ретінде айқындалады. Мәміленің бағасы дифференциал арқылы нарықтық бағасы бар салыстырымды экономикалық шарттарға келтіріледі;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келмейтін тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) мәмілелер жасасу үшін нарықтық баға тиісті рыноктағы ақпарат көзінен алынған бағаны дифференциал арқылы бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасы бар салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру жолымен айқындалады.
Тармақ 5
5. Дифференциалға:
Тармақша 1
1) тиісті рынокқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізу үшін қажетті, негізделген әрі құжаттамамен және (немесе) ақпарат көздерімен расталған шығыстар;
Тармақша 2
2) осы баптың 7-тармағында көрсетілген мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін жағдайлар;
Тармақша 3
3) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы кіреді.
Тармақ 6
6. Дифференциалды құрайтындар құжаттамамен немесе ақпарат көздерімен расталуға тиіс.
Тармақ 7
7. Мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін жағдайларға:
Тармақша 1
1) берілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі);
Тармақша 2
2) мәмілелердің осы түрінде қолданылатын төлемдердің шарттары, сондай-ақ бағаларға ықпал етуі мүмкін өзге де жағдайлар;
Тармақша 3
3) мәмілелер жасасу кезінде қолданылатын, оның ішінде: тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тұтынушы сұранысының маусымдық ауытқулары; тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасының немесе өзге де тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы; тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жоғалған сапасының және (немесе) өзге де тұтынушылық қасиеттерінің ішінара жақсаруы немесе қалпына келтірілуі; тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарамдылық немесе өткізу мерзімдерінің өтуі (өту күнінің жақындауы); ұқсастары жоқ жаңа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) нарыққа шығарған кездегі, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жаңа нарықтарға шығарған кездегі маркетинг саясаты; тұтынушыларды тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тәжірибелік модельдерімен және үлгілерімен таныстыру мақсатында оларды өткізу нәтижесінде туындайтын баға жеңілдіктері немесе баға үстемелері;
Тармақша 4
4) рыноктағы өтімділігі, шығарған елі және тауар белгісінің болуы;
Тармақша 5
5) маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы жатады.
Тармақ 8
8. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген дифференциал бойынша мәмілеге қатысушының мынадай мәмілелер мониторингі бойынша тиісті есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне:
Тармақша 1
1) тексерілетін салық кезеңіне – трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулер өткізу кезеңінде;
Тармақша 2
2) шағым жасалған салық кезеңіне – салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімі ескеріле отырып, хабарлама бойынша шағымды қарау нәтижелері жөніндегі жоғары тұрған мемлекеттік кіріс органы шығарған шешімге шағымды беру және қарау мерзімі кезеңінде жол берілмейді.
Бап 14. 14-бап. "Шығындарға қосу" әдісі
14-бап. "Шығындарға қосу" әдісі
Тармақ 1
1. "Шығындарға қосу" әдісін пайдаланған кезде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағасы жұмсалған шығындар (шығыстар) мен үстеме бағаның сомасы ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Шығындарды (шығыстарды) айқындау үшін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (сатып алуға) және (немесе) өткізуге жұмсалған шығындар (шығыстар), тасымалдау, сақтау, сақтандыру жөніндегі шығындар (шығыстар) және өзге де шығындар (шығыстар) ескеріледі. Үстеме баға осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын, қызметтің осы саласы үшін қалыптасқан рентабельділік ауқымын қамтамасыз ететіндей болып айқындалады.
Тармақ 3
3. Қызметтің осы саласы үшін рентабельділік ауқымы салыстырымды экономикалық шарттарда осы Заңның 18-бабында көрсетілген ақпарат көздерінің негізінде айқындалады.
Бап 15. 15-бап. Кейіннен өткізу бағасы әдісі
15-бап. Кейіннен өткізу бағасы әдісі Кейіннен өткізу бағасының әдісі кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағасы сатып алушы кейіннен өткізу (қайта сату) кезінде осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізген бағаның және сатып алушы қайта сату кезінде шеккен, расталатын (аталған сатып алушының сатушыдан тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алған бағасы есепке алынбаған) шығындардың (шығыстардың), сондай-ақ оның рентабельділігінің (маржасының) арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады. Бұл ретте рентабельділік (маржа) осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалатын рентабельділік (маржа) ауқымына сәйкес келуге тиіс.
Бап 16. 16-бап. Пайданы бөлу әдісі
16-бап. Пайданы бөлу әдісі Пайданы бөлу әдісі мәмілеге қатысушылардың арасында бөлінуге тиіс мәміледен түсетін пайданы айқындайды. Мұндай пайда "қол созу" принципіне сәйкес қабылданған және егер осы компаниялар тәуелсіз болған жағдайда, олар ала алатын пайданың негізінде экономикалық негіздемеге, функционалдық талдауға, келісімдерге сәйкес мәмілеге қатысушылардың арасында бөлінеді.
Бап 17. 17-бап. Таза пайда әдісі
17-бап. Таза пайда әдісі
Тармақ 1
1. Таза пайда әдісі мәмілеге қатысушының рентабельділігін салыстырымды экономикалық шарттардағы рентабельділік ауқымымен салыстыру арқылы қолданылады.
Тармақ 2
2. Таза пайда әдісін қолдану кезінде рентабельділіктің мынадай көрсеткіштері пайдаланылуы мүмкін: шығындардың операциялық рентабельділігі; сатудың операциялық рентабельділігі; активтердің операциялық рентабельділігі. Бұл ретте рентабельділік осы Заңның 17-1 және 17-2-баптарына сәйкес айқындалады.
Бап 17-1. 17-1-бап. Бағалар ауқымы мен рентабельділік (маржа) ауқымын айқындау тәртібі
17-1-бап. Бағалар ауқымы мен рентабельділік (маржа) ауқымын айқындау тәртібі
Тармақ 1
1. Егер осы Заңның 13-бабында өзгеше көзделмесе, осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетiлген әдiстердi қолдану мақсатында бағалар ауқымы және (немесе) рентабельділік (маржа) ауқымы пайдаланылады, олар мынадай тәртіппен айқындалады:
Тармақша 1
1) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны бір мәнге тең болған жағдайда, ауқым нарықтық бағаның немесе рентабельділіктің (маржаның) осындай мәніне тең ретінде айқындалады;
Тармақша 2
2) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны үш мәннен аспаған жағдайда, ауқым осындай нарықтық бағалардың және (немесе) нарықтық рентабельділіктің (маржаның) қоса алғанда ең төменгі мәнінен бастап ең жоғарғы мәніне дейінгі ауқым ретінде айқындалады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін ақпарат көзінде сызық арқылы екі мән түрінде көрсетілген бағалар ауқымы үш мәннен аспайтын ауқым ретінде де қабылданады;
Тармақша 3
3) көрсетілген әдістерді қолдану үшін пайдаланылатын нарықтық бағалар мәндерінің және (немесе) нарықтық рентабельділік (маржа) мәндерінің саны төртке немесе одан да көп мәндер санына тең болған жағдайда, ауқым нарықтық бағалардың немесе рентабельдiлiктiң (маржаның) пайдаланылатын мәндерi негiзiнде есептелген, қоса алғанда жиырма бесiншi және жетпiс бесiншi процентильдер арасындағы ауқым ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Бағалар ауқымын есептеу үшін бір ғана ақпарат көзіне сәйкес және соны пайдаланып айқындалған нарықтық бағалардың мәндері пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Рентабельділік (маржа) ауқымын есептеу үшін талдау жүргізілетін мәміле жасалған күнтізбелік жылдың тікелей алдындағы қатарынан күнтізбелік үш жылғы қаржылық деректер пайдаланылады.
Бап 17-2. 17-2-бап. Рентабельділікті айқындау тәртібі
17-2-бап. Рентабельділікті айқындау тәртібі
Тармақ 1
1. Шығындардың жалпы рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен жалпы пайданың сатылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнына қатынасы ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Сатудың жалпы рентабельділігі акциздер мен қосылған құн салығы есепке алынбай, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен жалпы пайданың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен түсімге қатынасы ретінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Шығындардың операциялық рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының сатылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуға байланысты коммерциялық және әкімшілік шығыстардың сомасына қатынасы ретінде айқындалады.
Тармақ 4
4. Сатудың операциялық рентабельділігі акциздер мен қосылған құн салығы есепке алынбай, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен түсімге қатынасы ретінде айқындалады.
Тармақ 5
5. Активтердің операциялық рентабельділігі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен операциялық пайда сомасының пайдаланылатын активтердің ағымдағы нарықтық құнына немесе пайдаланылатын активтердің ағымдағы нарықтық құны туралы ақпарат болмағанда – бухгалтерлік (қаржылық) есептілік деректеріне сәйкес активтердің құнына қатынасы ретінде айқындалады.
Бап 18. 18-бап. Нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері
18-бап. Нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері
Тармақ 1
1. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) нарықтық бағасын және нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдану үшін қажетті өзге де деректерді айқындау үшін ақпарат көздері мынадай кезектілікпен пайдаланылады:
Тармақша 1
1) нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері;
Тармақша 2
2) биржалық баға белгіленімдері туралы ақпарат көздері;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының және ұйымдардың мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін бағалар, дифференциал, шығыстар және жағдайлар туралы деректері;
Тармақша 4
4) трансферттік баға белгілеу мақсатында пайдаланылатын ақпараттық бағдарламалар, мәмілеге қатысушылар беретін ақпарат және өзге де ақпарат көздері.
Тармақ 2
2. Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 3
3. Қатысушысы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәміле бойынша нарықтық бағаны айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған ақпарат көздері ғана пайдаланылады.
Бап 19. 19-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
19-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 20. 20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" 2001 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 1, 2-құжат) күші жойылды деп танылсын.