Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын орнату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1 тармағынын негізінде, мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы орнатылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінін орынбасары А.М. Нұркеновқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен киін күшіне енеді және бұқаралык ақпарат көздерінде бірінші ресми жарияланғаннан 10 күн өткеннен киін қолданысқа енгізіледі.