Об изменении границ города Шу, аульного округа Толеби и сельского округа Алга Шуского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шу қаласының, Шу ауданының Төлеби ауылдық және Алға селолық округтерінің шекараларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабына сәйкес, Шу аудандық әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 2 қаулысы мен Шу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 7-5 шешіміне байланысты облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шу қаласының әкімшілік шекарасына Төлеби ауылдық округінен 367 гектар, Алға селолық округінен 496,2 гектар жер қосылып Шу қаласының, Шу ауданының Төлеби ауылдық округі және Алға селолық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.