Көшеге Нұрмұхан Жантөриннің есімін беру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшеге Нұрмұхан Жантөриннің есімін беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес және аудандық ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 13 маусымдағы № 2 санды хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақ ССР-ның Халық артисі», мемлекет және өнер қайраткері, театр, кино саңлағы Нұрмұхан Жантөриннің есімі Алға селосындағы жаңа көшеге берілсін.
Тармақ 2
2. Нұрмұхан Жантөрин атындағы көше деген жазуы бар тақтайшалар және нөмірлі белгілері орнатылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау және көше мерекесін ұйымдастыру селолық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Жұмашқалиева Жаңылсынға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.