Об установлении водоохранных зон и полос реки Тобол, Амангельдинского водохранилища и озера Безымянное на участках под строительство объектов, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Безымянный көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Объектілердің құрылысына арналған телімде Амангелді су қоймасының Тобыл өзені және Безымянный көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі 1-қосымшаға сай белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қостанай қаласының мен Қостанай ауданының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Безымянный көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Әкімдіктің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 320 қаулысына 1-қосымша Объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Безымянный көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу № р/с Су объектісі, оның учаскесі Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі ше­ка­ра­ның қа­шық­тығы, (м) ше­ка­ра­ның қа­шық­тығы, (м) ше­ка­ра­ның қа­шық­тығы, (м) ше­ка­ра­ның қа­шық­тығы, (м) ала­ңы, (га) ені, (м) 1. Тобыл өзені Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы демалыс базасы 385 38,5 1000 570 1,14 20 2. Тобыл өзені Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы демалыс пен сервистік қызметтер аймағы 220 5,72 200–300 220 0,9 20–60 3. Тобыл өзені Қостанай қаласы «Қонай» тұрғын үй алабы аумағындағы тұрғын үйлер және жеке қосалқы шаруашылықтары № 1-100 учаске № 2-100 учаске 1,2 1,65 120 130 100 100 1,0 1,0 100 100 4. Тобыл өзені Қостанай қаласының Гашек көшесінде орналасқан офис 33 1,02 304–316 33 0,33 100 5. Амангелді су қоймасы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағындағы туристік коттедждік қалашығы № 1-600 учаске № 2–612 учаске 41,4 41,4 600–880 600–880 320 485 3,2 0,97 100 20 6. Амангелді су қоймасы Қостанай ауданы Садовое ауылының оңтүстік – батысына қарай Мичурин ауылдық округі аумағындағы туристік база 400 8,2 180 400 4,0 100 7 Безымянный көлі Қостанай ауданы Тобыл қаласы аумағындағы сауықтыру-ойын-сауық кешені 100 3,0 300 100 0,55 55
Басқа 5
Әкімдіктің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 320 қаулысына 2-қосымша Қостанай қаласының мен Қостанай ауданының аумағындағы объектілердің құрылысына арналған учаскелерде Тобыл өзенінің, Амангелді су қоймасының және Безымянный көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.