О внесении изменений и дополнений в Кодекс Казахской ССР об административных правонарушениях Қолданыста
Басқа 0
Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына және "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заң күшi бар № 2707 Жарлығының 22-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. 1984 жылғы 22 наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақ ССР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1984 ж., № 14, қосымша; № 41, 534-құжат; 1986 ж., № 25, 242-құжат; 1987 ж., № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; 1989 ж., № 27, 208-құжат; № 49, 444-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 15, 380-құжат, 1993 ж., № 4, 70-құжат, № 20, 468-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 217-баптың екiншi бөлiгiнiң 1-тармағы мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
осы Кодекстiң 113-бабының бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiмен, 114, 114-1, 115 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен көзделген, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне бағынысты емес аэродромдарда немесе осындай аэродромдар төңiрегiнде жасалған құқық бұзушылықтарды қоспағанда) баптарда, 118-1, 120, 121-2 (темiржол көлiгiнде құқық бұзушылық жасағаны үшiн), 123, 124, 125, 126-баптарымен, 130-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiмен, 131-бабымен, 134-бабының бiрiншi және төртiншi бөлiктерiмен, 135-бабымен, 136-бабының екiншi және төртiншi бөлiктерiмен, 137-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiмен, 138-бабымен (автомобиль көлiгiндегi құқық бұзушылықты қоспағанда), 139, 140-баптарымен, 142-бабының бiрiншi бөлiгiмен, 145-1, 174, 175, 178, 180, 180-2, 200-баптарымен көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн, бұған қоса - аумақтық және желiлiк iшкi iстер бөлiмшелерiнiң, желiлiк милиция пункттерiнiң бастықтары, iшкi iстер органдарының учаскелiк уәкiлдерi - ескерту жасайды немесе айыппұл салады. Желiлiк милиция пунктiнiң бастығы, iшкi iстер органдарының учаскелiк уәкiлдерi салатын айыппұлдың мөлшерi "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заң күшi бар № 2700 Жарлығының 12-бабымен белгiленген есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) 217-баптың екiншi бөлiгiнiң 1-тармағының екiншi абзацындағы "Желiлiк милиция пункттерiнiң бастықтары", "желiлiк милиция пунктiнiң бастығы салатын айыппұлдың мөлшерi жиырма сомнан аспауы керек" сөздерi;
Тармақша 2
2) 217-баптың екiншi бөлiгiнiң 1-тармағының төртiншi абзацындағы "сондай-ақ - iшкi iстер органдары жүйесiндегi милиция бөлiмшелерiнiң бастықтары" сөздерi алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. 217-баптың 3-тармағындағы "жол-күзет қызметi бөлiмшелерiнiң
командирлерi" және "жол-күзет қызметiнiң инспекторлары" сөздерi "жол
милициясы бөлiмшелерiнiң командирлерi" және "жол милициясының
инспекторлары" сөздерiмен алмастырылсын.
Тармақ ii
II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.