Об открытии банками-кастодианами индивидуальных счетов "депо" накопительных пенсионных фондов по учету негосударственных эмиссионных ценных бумаг в ЗАО "Центральный депозитарий ценных бумаг" Күшін жойған
Басқа 0
Кастодиан-банктердің "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ында жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарға есеп жүргізу жөніндегі жеке "депо" шоттарын ашу туралы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының 55-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 шілдеде тіркелген "Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерінің қатысуымен сатып алу-сату мәмілелерін жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директоратының 1999 жылғы 24 маусымдағы N 352 қаулысын орындау мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) құқықтары мен мүдделерін қорғау және сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйесінде зейнетақы активтерінің қатысуымен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар жасайтын сатып алу-сату мәмілелеріне бақылау жасау мақсатында Ұлттық комиссияның Директораты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Кастодиан-банктер "Бағалы қағаздар орталық депозитрийі" ЖАҚ-ында жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін осы Қаулы күшіне енгізілгеннен бастап бес күн ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарға есеп жүргізу жөніндегі жеке "депо" шоттарын ашуға міндеттелсін.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының қабылданған күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны мемлекеттік тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің, кастодиан-банктердің және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.