Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» № 66 Заңының 18 бабының 5 тармағына, сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Күматаев) аталған әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Іле аудандық білім бөлімі» (Жолтаева Б.Б.), «Іле аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазналық кәсіпорны (Тұрсынмұратова Б.Е.), «Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» (Жәкелов Б.Ә.), «Іле аудандық спорт және дене тәрбиесі бөлімі» (бастығының міндетін атқарушы Артықбаев Е.Т.) мемлекеттік мекемелері қызметкерлердің жеке куәлігінің нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, поштадағы есеп шотының нөмірі көрсетілген тізімін «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне үсынсын.
Тармақ 4
4. Іле аудандық мәслихатының 2007 жылғы 10 шілдедегі № 58-219 «Іле ауданының ауылдық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру үйымдарының педогог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек беру туралы», Әділет басқармасында нормативтік қүқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 21 тамызында 2-10-56 нөмірінде тіркелген, «Іле таңы» газетінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 41(4202) нөмірінде жарияланған және 2007 жылғы 10 шілдедегі № 58-220 «Іле ауданының ауылдық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріне бір жолғы әлеуметтік көмек беру туралы», Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 21 тамызында 2-10-55 нөмірінде тіркелген, «Іле таңы» газетінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі 41(4202) нөмірінде жарияланған шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі комиссияға (Садуақасова Ғ.М.) және аудан әкімінің орынбасарларына (Тұрымбетов Е.С., В.Файль В.А.) жүктелсін. «__» ________ 2008 жыл «__»__________2008 жыл