О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольного агентства) Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттіктің) кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттікке) бәсекелестікті қорғау және қаржы ұйымдарының монополистік қызметін шектеу жөніндегі функция берілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 20, 227-құжат; N 39, 445-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 және 5-тармақтардың 1) тармақшалары алып тасталсын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.