Алматы облысы, Ескелді ауданы, Көкжазық ауылдық округіне қарасты Көкжазық ауылындағы көшенің атауын өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Көкжазық ауылдық округіне қарасты Көкжазық ауылындағы көшенің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Көкжазық ауылының тұрғындарының пікірін және Ескелді аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып ауыл әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ескелді ауданы, Көкжазық ауылдық округіне қарасты, Көкжазық ауылындағы төмендегі көшенің атауы өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Ескелді ауданы, Көкжазық ауылы, Амангелді көшесі Ләззат Асанова деп ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.