Алматы облысы, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылындағы кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылындағы кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылының тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика қеңесінің келісімін ескере отырып Сырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округіне қарасты Сырымбет ауылындағы төмендегі көшелердің атаулары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Подгорная көшесі Сарноқай деп ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) Молодежная көшесі Жастар көшесі деп ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) Школьная көшесі Жұматай Жақыпбаев көшесі деп ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) Горная көшесі Алатау көшесі деп ауыстырылсын;
Тармақша 5
5) Юбилейная көшесі Жетісу көшесі деп ауыстырылсын;
Тармақша 6
6) Больничная көшесі Жеңіс көшесі деп ауыстырылсын;
Тармақша 7
7) 8 Март көшесі Наурыз көшесі деп ауыстырылсын;
Тармақша 8
8) Текелийская көшесі Тәуелсіздік көшесі деп ауыстырылсын;
Тармақша 9
9) Интернациональная көшесі Достық көшесі деп ауыстырылсын;
Тармақша 10
10) Садовая көшесі Желдісай кешесі деп ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 0сы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.