Об утверждении стандартов оказания государственных услуг Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы
«Мемлекеттік қызмет көрсету типтік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №559, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулыларын орындау барысында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 2 тармағын, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін:
Тармақша 1
1) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен:
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу» (1 қосымша);
«Семей ядролык сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» (2 қосымша);
«Протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу» (3 қосымша);
«Сурдо-тифлотехникалық құралдар мен міндетті гигиеналык құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу» (4 қосымша);
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау» (5 қосымша);
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» (6 қосымша);
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерге әлеуметгік көмек көрсетуге құжаттарды ресімдеу» (7 қосымша);
«Мүгедектер үшін, соның ішінде басқа біреудің күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедек-балалар үшін үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу» (8 қосымша);
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» (9 қосымша);
«Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамту үшін құжаттарды ресімдеу» (10 қосымша);
«Селолық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» (11 қосымша);
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» (12 қосымша);
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» (13 қосымша).
Тармақша 2
2) Білім беру бөлімімен:
«Кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұксат беру» (14 қосымша);
«Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру» (15 қосымша);
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» (16 қосымша);
«Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру» (17 косымша);
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу» (18 қосымша);
«Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою» (19 қосымша);
«Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініш қабылдау» (20 қосымша);
«Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу» (21 қосымша);
«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру» (22 қосымша).
Тармақша 3
3) Жер қатынастары бөлімімен:
«Жер телімдерінің болуы туралы анықтамалар беру» (23 қосымша);
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығына актілер ресімдеу» (24 қосымша);
«Уақытша жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу» (25 қосымша);
«Жер теліміне жеке меншік құқығына актілер ресімдеу» (26 қосымша);
«Жер теліміне тұрақты жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу» (27 қосымша).
Тармақша 4
4) Ауыл шаруашылық бөлімі:
«Қосалқы шарушылығы болуы туралы анықтама беру» (28 қосымша);
«Малдың басы туралы мәліметтер» (29 қосымша);
«Лизингке техника сатып алу үшін анықтама беру» (30 қосымша).
Тармақша 5
5) Тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімімен «Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үймен мұқтаж ететін азаматтарды есепке және көзекке қою» (31 қосымша).
Тармақ 2
2. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.