Вопросы Комитета по антидемпинговому контролю Министерства экономики и торговли Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.18. N 1220 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тақырыбы және мәтініндегі сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.31. N 165 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті отандық тауар өндірушілерді отандық тауар өндірушілерге зиян келтіретін ұқсас тауарлар импортынан қорғау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi туралы Ереже
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
1999 жылғы 14 қыркүйектегi
N 1388 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөніндегi комитетi (бұдан әрi Комитет) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң құзыретті шегінде антидемпингтік, қорғаныш және өтем шараларын қолдану саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестірудi жүзеге асырушы ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкiметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкте есепшоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттің заңдарға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретінің мәселелері жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
Тармақ 6
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, 473000, Бейбiтшілiк көшесi, 37
Тармақ 7
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті".
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитеттің функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
Тарау 2. 2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттің негiзгi міндеттерi:
Тармақша 1
1) iшкі рынокты отандық тауар өндiрушiлерге елеулi зиян келтiретiн немесе анық елеулi зиян келу қаупін туғызатын өскелең тауарлар импортынан қорғау;
Тармақша 2
2) отандық тауар өндiрушілердi материалдық зиян келтiретiн немесе материалдық зиян келтiру қаупін туғызатын тауарлар импорты кезiнде iшкi рыноктағы терiс пиғылды бәсекеден қорғау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн зиянды зардаптарды жою үшiн антидемпингтік, қорғаныш және өтем бажының объективтi көлемдерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен мына функцияларды:
Тармақша 1
1) iшкi рынокты тауар импортының, демпинг пен шет мемлекеттер (шет мемлекеттердiң одағы) субсидиялайтын тауар импортының өскелең көлемi кезiнде тексерiс жүргiзудi;
Тармақша 2
2) тауар демпингінің шет мемлекеттер (шет мемлекеттердiң одағы) субсидиялайтын тауар импортының немесе тауар импорты көлемiнiң артуы және олардың елеулi немесе материалдық зиян келтiру фактісi бойынша өтiніштердi қарауды;
Тармақша 3
3) тауар импорты көлемiнiң артуынан келген елеулi зиянды айқындауды;
Тармақша 4
4) тауар демпингінен немесе шет мемлекет (шет мемлекеттердiң одағы) субсидиялайтын тауар импортынан келген материалдық зиянның көлемiн анықтауды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзу үшiн тексерiстердiң нәтижелерi бойынша қорытындылар мен материалдар дайындауды;
Тармақша 6
6) тауарлар импорты кезінде пайда болатын терiс пиғылды бәсекенi анықтау мақсатында тауарлар рыногының мониторингiн жүргiзудi;
Тармақша 7
7) ресми органдармен, өзге де шет мемлекеттер ұйымдарымен және халықаралық органдармен өзара iс-әрекетте болуды;
Тармақша 8
8) халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, отандық рынокты қорғау үшін тексерiс жүргiзу жөнiндегi әдiстемелiк тәсiлдердi жетiлдiрудi және дамытуды;
Тармақша 9
9) өз құзыретiнiң шегінде мамандар даярлауды және олардың бiліктiлiгін арттыруды;
Тармақша 10
10) тексерiстiң рәсiмдерін әдiстемелiк қамтамасыз етудi;
Тармақша 11
11) антидемпингтік, қорғаныш және өтем шараларын енгiзу қажеттігiн орнықтыру жөнiнде тексерiстер жүргiзу мақсатында отандық тауар өндiрушілердiң сауда және өндiрiстiк қызметіне (тәжiрибесiне) мониторинг жүргiзудi;
Тармақша 12
12) қолданылып жүрген антидемпингтік, қорғаныш шаралары мен өтем бажын қайта қарау немесе өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
Тармақша 13
13) антидемпингтік, қорғаныш және өтем шараларын енгiзудiң ұлттық экономикаға әсерiн бағалауды;
Тармақша 14
14) өз құзыретінiң шегінде тексерiс рәсiмдеріне байланысты
нормативтік құқықтық актiлер шығаруды;
Тармақша 15
15) тексерiс туралы деректер банкiн құруды;
Тармақша 16
16) өз құзыретiнiң шегінде импорттық тауар берушiлердiң бағалар жөніндегi міндеттемелерiнің орындалуына бақылау жасауды;
Тармақша 17
17) тексерiс жүргiзiлiп жатқан тауар импортына мониторинг жүргiзуді;
Тармақша 18
18) заңдармен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Негiзгi міндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттің заңдарда белгiленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) антидемпингтiк, қорғаныш және өтем шаралары жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен әдiстемелiк құжаттардың жобаларын әзiрлеуге;
Тармақша 2
2) белгiленген антидемпингтiк, өтем және қорғаныш шараларын тиiмдi жасау үшін мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдардың қызметiне қатысуға және ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық пен үйлестірудi жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) өз құзыретiнің шегiнде антидемпингтiк, қорғаныш және өтем шаралары жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
Тармақша 4
4) тауарлар импорты кезiнде iшкi рыноктағы адал бәсеке шарттарының бұзылу фактiлерi анықталған жағдайда, заңдарда белгiленген шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 5
5) өз құзыретінің шегiнде, соның iшiнде:
өз бастамасы бойынша тексерiс жүргiзу туралы;
тексерiс рәсiмiн жүргiзудi бастаудан бас тарту туралы;
тексерiс жүргiзу туралы өтiнiш қайтарып алынған кезде өз бастамасы бойынша тексерiстi жалғастыру туралы;
шаралар қолданбастан тексерiс жүргiзудi тоқтату туралы шешiмдер қабылдауды;
Тармақша 6
6) мүдделi тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан тексерiс үшiн қажеттi ақпаратты, соның iшiнде құпиялысын да, сұратып алуға және олардың растығын тексеруге;
Тармақша 7
7) өз құзыретінің шегiнде берушiлерден қабылданған міндеттемелердiң орындалуы туралы мәлiметтер сұратып алуға және олардың растығын тексеруге;
Тармақша 8
8) экспорттаушының елінде ақпараттың растығына тексеру жүргiзуге;
Тармақша 9
9) адал бәсеке шарттарының бұзылу фактiлерi анықталған кезде антидемпингтік, қорғаныш және өтем шараларын қолданудың орындылығы туралы қорытындылар дайындауға;
Тармақша 10
10) антидемпингтiк, қорғаныш және өтем шаралары саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану жөнiнде бiрлесіп жұмыс істеу үшiн басқа мемлекеттік органдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергіліктi сарапшылар мен мамандарды тартуға;
Тармақша 11
11) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 13
13. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттiң өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен оқшаулауына немесе өзге тәсiлмен иелік етуіне құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке
билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Комитет қызметiн ұйымдастыру
4. Комитет қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетті Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Комитет төрағасының орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
Тармақ 18
18. Осы мақсаттарда Төраға:
Тармақша 1
1) өз орынбасарының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерi басшыларының міндеттерi мен өкiлеттіктерiн айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Комитеттің қызметкерлеріне заңдарда белгiленген тәртіппен тәртiптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 19
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.