О введении временного запрета на экспорт мазута и дизельного топлива Қолданыста
Басқа 0
Мазут және дизель отыны экспортына уақытша тыйым салу туралы
📌 ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1999.12.24. N 1981 қаулысымен.
Жылыту маусымының басталуына және мазутпен және дизель отынымен қамтамасыз етудiң қиын жағдайына байланысты және "Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2000 жылғы 1 наурызға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасы аумағынан мазут (ТМД СЭҚ ТН коды (2710 00 710-2710 00 780 ) әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 1-1
1-1. 1999 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2000 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 271000610-271000690) әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi 2000 жылғы 1 наурызға дейiн мазуттың экспорттық көлемiн реттеудi енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс жасайтын болсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағын және 1-1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерi және Қазақстан
Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi мазутпен
қамтамасыз етудегі iстiң жай-күйi туралы әр он күн сайын Қазақстан
Республикасының Үкiметiне хабарлап отырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және
жариялануға жатады.