Құжат мәтініне өту

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Өзге акт · № 11-13 · қабылданған 30.06.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 28.09.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-40942/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 11-13 ·30.06.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

ҚАЗТабысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11-13 · қабылданған 30.06.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-13
Қабылданған күні
30.06.2008
Қолданысқа енгізілген күні
17.08.2008
Көрсетілген редакция
28.09.2010 · қолданыстағы AI40942_3.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
28.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08GJ000062
ЭКБ идентификаторы
40942
Редакция идентификаторы
AI40942_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:12

0 Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 11 тармағына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Үшінші шақырылған Талас аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 ақпандағы № 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдем ақысын тағайындау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1205 тіркелген, аудандық "Талас тынысы" газетінің 2004 жылдың 28 ақпанында № 13 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету туралы Тәртіп

Талас аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 30 маусымдағы
№ 11–13 шешіміне қосымша
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету туралы Тәртіп
Осы тәртіп "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңын және осы жылдар аралығында оған енгізген өзгерістер мен толықтырулар негізінде табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуге ақы төлеу тәртібін белгілейді.

1 1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1 1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету "Талас ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы қала және ауыл әкімдері жанынан құрылған арнайы комиссия қорытындысы бойынша төленеді.

2 2. Тұрғын үй көмегі Талас ауданында тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі.

3 3. Тұрғын үй көмегі орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан аспайтын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) беріледі;

4 Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

4. "Талас ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынылған тізім бойынша тұрғын үй көмегінің көлемін анықтайды және аудандық қаржы басқармасына қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

5

5. Табысы аз отбасыларына тұрғын жайларын ұстау үшін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) әр отбасына жетпіс айлық есептік көрсеткіш көлемінде жылына бір рет және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін әр отбасына (азаматтарға) жылу берілмейтін кезеңде он айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал жылу берілетін кезеңде жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсанына бір рет көрсетіледі.

3 3. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің төлеу тәртібі

6 6. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі аудандық бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады.

7 7. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі екінші деңгейдегі банктер немесе пошта бөлімдері арқылы жүзеге асырылады және қолма-қол төленбейді. Ол өтініш берушінің тілегі бойынша қызметті жеткізушілердің есеп шоттарына аударылуы мүмкін.