О некоторых вопросах социальной поддержки инвалидов на местном уровне Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерді жергілікті деңгейде әлеуметтік қолдаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 – бабы 1- тармағы 17- тармақшасына сәйкес, аудан мүгедектерін әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек – балалы отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу туралы берілген нұсқаулық бекітілсін. 2. Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек – балалы отбасыларына жәрдемақыны уақытылы беру қамтамасыз етілсін. 3. Качир ауданының қаржы бөліміне үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек – балалы отбасыларына жәрдемақыны қаржыландыру қамтамасыз етілсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е.Біләловаға жүктелсін.
Басқа 1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек – балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы Нұсқаулық
Качир ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі «Мүгедектерді жергілікті деңгейде әлеуметтік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек – балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы Нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер 1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек – балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу, олар 18 жасқа толғанға дейін төленеді. 2. Жәрдемақы басқа жәрдемақы түрлерін алған қарамай тағайындалып және төленеді. 3. Жәрдемақыны тағайындау туралы өтініш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссиясымен (бұдан әрі - Комиссия) өтініш түскен күннен бастап 10 күн ішінде қаралады. 4. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш ұсынылған құжаттармен қоса алушының жеке ісінде сақталады. 5. Жәрдемақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, комиссия өтініш білдірушіге жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетумен хабарлайды. 6. Өтініш білдіруші осы немесе басқа да әлеуметтік төлемдер алу құқығына ықпал тигізетін барлық өзгерістер туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға міндетті. 7. Жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. 8. Жәрдемақыны төлеу бойынша талас туындаған жағдайда, мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген тәртіпте шешіледі.
Тарау 2. 2. Жәрдемақыны тағайындау
2. Жәрдемақыны тағайындау 9. Жәрдемақы ата-ананың біреуінің немесе оны алмастыратын тұлғаның өтініші бойынша тағайындалады. 10. Жәрдемақыны тағайындау туралы өтініш ата-ананың біреуінің немесе оны алмастыратын тұлғамен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне беріледі.
Тарау 3. 3. Жәрдемақыны төлеу тәртібі
3. Жәрдемақыны төлеу тәртібі 11. Жәрдемақы өткен тоқсанға 6- айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. 12. Осы әлеуметтік көмек, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тізім негізінде, есеп беретін тоқсанның 25-не дейін, бірінші басшымен, бухгалтер және орындаушымен куәландырумен, алушылардың «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріндегі жеке шотына аудару жолымен төленеді. 13. Өз уақытында талап етілмеген жәрдемақы сомасы, төлем тоқталған тоқсаннан қайтарылады. 14. Комиссия шешімі негізінде артық төленген сома бойынша ұсталынатын берешекті толық өтегенге дейін жәрдемақыны төлеу тоқтатылған жағдайда берешектің қалған бөлігі сот тәртібімен орнына салынады.