Об организации тушения пожаров на территории Качирского района Қолданыста
Басқа 0
Качир ауданының аумағында өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, Качир ауданының аумағында өрттерді сөндіруді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында ірі ауқымды өрттерді сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі аудандық жедел штаб және ауылдық округтері аумағында өрттерді сөндіру ұйымдастыру жөніндегі жедел штабтар (бұдан әрі – жедел штаб) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан аумағында ірі ауқымды өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту жедел жоспары және ауылдық округтер аумағында өрттерді сөндіру күштер мен құралдарды тарту жедел жоспары (бұдан әрі – жедел штабтар) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауылдық округтердің әкімдері ауданның ішкі істер бөлімі, орман және жануарлар әлемі қорғау жөнінде Максим – Горький мекемесі (келісім бойынша) өртке кінәлілерді уақытында анықтауды қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Качир ауданының жер қатынастары бөлімі, орманды және жануарларды қорғау жөніндегі Максим – Горький мекемесі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Качир ауданының Жедел штабына жер пайдаланушылары учаскелерінің шекаралары көрсетілген картографиялық материалдарды ұсынсын.
Тармақша 2
2) Болған өзгерістер туралы Жедел штабы уақытында хабардар етсін.
Тармақ 5
5. Ірі ауқымды өрттерді сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды пайдаланудағы төлемдер:
Тармақша 1
1) әр түрлі кәсіпорындар жерлерінде – осы кәсіпорындар есебінен жүргізілсін:
Тармақша 2
2) мемлекеттік жер запасының жерлерінде – аудан бюджетінде төтенше жағдайларды жоюға көзделген қаражат есебінен.
Тармақ 6
6. Качир ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 маусымдағы «Качир ауданының аумағында өрттерді сөндіруді ұйымдастыру туралы» № 176/6 қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н. Қайыржановқа жүктелсін.