О внесении изменений и дополнений в Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу Закона, "О Национальном Банке Республики Казахстан", "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және екiншi деңгейдегi банктер қызметiн реттеу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қадағалау функцияларын күшейту мақсатында қаулы етемiн:
Тармақ i
I. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң № 2155 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 11-баптың 1, 2, 3 бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржылық жыл iшiндегi пайдасы iс жүзiнде алынған кiрiстерi мен осы қаржылық жылға қатысты, үмiтсiз және күмәнды қарыздарды есептен шығару мен активтер амортизациясын, соның iшiнде айналысқа шығарылған банкноттар мен тиындарды қоса алғанда, шығыстары арасындағы айырма ретiнде анықталады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң пайдасы жарғылық және резервтiк қорлары, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген өндiрiстiк-әлеуметтiк даму қорын абсолюттiк сомада қалыптастыруға жұмсалады. Нақты алынған пайданың қалған бөлiгi келесi қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады. Нақты алынған пайда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң осы Жарлықта көзделген қорларын қалыптастыруға жетiмсiз болған жағдайда, пайда болған айырмашылық келесi қаржы жылындағы республикалық бюджет қаржысы есебiнен өтеледi".
Тармақ 2
2. 12-баптың үшiншi бөлiгi алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. 13-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты".
Тармақ 4
4. 15-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi".
Тармақ 5
5. 20-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң облыстық аумақтық басқармалары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады".
Тармақ 6
6. 35-бап мынадай мазмұндағы 3 бөлiкпен толықтырылсын: "Қазақстан Ұлттық Банкi ең жоғары сатыдағы кредитор ретiнде екiншi дәрежедегi банктерге Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы белгiлеген тәртiп пен мерзiмге ұлттық және шетелдiк валютада, қамтамасыз етiлген, сондай-ақ қамтамасыз етiлмеген кредит беруге хақылы".
Тармақ 7
7. 52-баптың 2 абзацы: "осы Жарлықта көзделген жағдайларды қоспағанда" сөздерiмен толықтырылсын.
Тармақ 8
8. 54-бапта: 1) соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "берiлген кредиттердi ұзарту немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беру"; 2) мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн".
Тармақ ii
II. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 17-бапта:
Тармақша 1
1) 3-тармақ "дауыс беру құқығымен" сөзiнен кейiн "Ұлттық Банк рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда" сөздерiмен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 4-тармақтағы "резидент емес немесе" сөздерi алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. 22-баптың 1-тармағының а) тармақшасы "Қазақстан Республикасы" сөзiнен кейiн "Ұлттық Банк рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда" сөздерiмен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. 46-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: "7. Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртiбi Ұлттық Банктiң нормативтiк актiлерiмен белгiленедi".
Тармақ 4
4. 47-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Атқарып жүрген қызметiнен бiржолата немесе уақытша шеттету туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Директорлар Кеңесi қабылдайды. Қызметiнен бiржолата шеттетiлген қызметкерлердi босату туралы шешiмдi оларды тиiстi лауазымдарға тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды. Қызметкердi қызметiнен шеттету туралы шешiм қабылданған сәттен бастап оның жұмыстан босатылған күнiне дейiнгi аралықтағы кезеңге ақы төленбейдi".
Тармақ 5
5. 48-баптың 1-тармағының з) тармақшасы "нормативтiк актiлер" сөзiнен кейiн "яки жазбаша ұйғарымдарды орындамағаны" сөздерiмен толықтырылсын.
Тармақ 6
6. 49-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы з) тармақшасымен толықтырылсын: "з) осы Жарлықтың 49-бабының 3-тармағына сәйкес лицензияларды жою".
Тармақ 7
7. 62-баптың 2-тармағының б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "б) осы Жарлықтың 48 және 49-баптарында көзделген жағдайларды".
Тармақ 8
8. 72-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Кредиторлардың талабын қанағаттандыру кезектiлiгi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi".
Тармақ iii
III. Осы Жарлық, 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енетiн I бөлiмнiң 1 тармағының төртiншi абзацын қоспағанда, жарияланғаннан күнiнен бастап күшiне енедi.