Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Арыс ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Арыс ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Арыс ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 34,2 гектар жер телімі алынып, Қожақорған ауылының шегіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Жалпы көлемі 34,2 гектар жер телімі қосылып, Қожақорған ауылының шегі өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.