Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қарамұрт ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Қарамұрт ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарамұрт ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 86,0 гектар жер телімі алынып, Қарамұрт ауылының шегіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Жалпы көлемі 86,0 гектар жер телімі қосылып, Қарамұрт ауылының шегі өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.