Об утверждении стандартов оказания государственных услуг Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына? Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламентінде бекіту туралы» № 558 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мынадай түрлерінің қосымшаға сәйкес стандарттары бекітілсін:
Тармақша 1
1) Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу;
Тармақша 2
2) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіреу және есепке алу;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
Тармақша 4
4) Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау;
Тармақша 5
5) Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою;
Тармақша 6
6) Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу;
Тармақша 7
7) Жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актілерді рәсімде;
Тармақша 8
8) Жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу;
Тармақша 9
9) Уақытша өтеусіз (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді рәсімдеу;
Тармақша 10
10) Уақытша жер пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу.
Тармақ 2
2. Ауылдық округтердің әкімдері және жеке бөлімдердің басшылары олардың құзыретіне жататын мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекітсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімі аппаратының құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімі осы қаулыны мемлекеттік тіркеуге Качир ауданының әділет басқармасына жіберсін және мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.И.Имансләмге жүктелсін.