О внесении дополнения в Гражданский кодекс Республики Казахстан (общая часть) Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) толықтыру енгiзу туралы "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес Қаулы Етемiн:
Тармақ 1
1. Он үшiншi сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң екiншi сессиясында 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, қосымша) 10-бабының 4-тармағы "құжаттарымен" сөзiнен кейiн "немесе оларда белгiленген тәртiппен" сөздерiмен толықтырылсын.
Тармақ ii
II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.