Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында көше атауларын қайта атау туралы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында көше атауларын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Ембі қаласы тұрғындарының конференциясының және 2008 жылғы 12 маусымдағы аудандық ономастика комиссия отырысының № 3 хаттамасының шешіміне сәйкес, Мұғалжар ауданы Ембі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ембі қаласындағы Степной тұйығы Ермағамбет Алдаберген тұйығы деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Ембі қаласындағы Қазақ көшесі Сапа Жездібаев көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа он күнтізбелік күнінен кейін енгізіледі.