Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жағабұлақ ауылында көше атауын қайта атау туралы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жағабұлақ ауылында көше атауын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Жағабұлақ ауылы тұрғындарының конференциясы және аудандық ономастика комиссия отырысының 2008 жылғы 12 маусымдағы № 3 хаттамасының негізінде, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жағабұлақ ауылындағы Набережная көшесі Бірлік деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Жағабұлақ ауылындағы Нефтянников көшесі Жастар деп қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа он күнтізбелік күнінен кейін енгізіледі.