Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Саға, Қожасай ауылдарының көшелеріне атау беру туралы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Саға, Қожасай ауылдарының көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Саға, Қожасай ауылы тұрғындарының конференциясы және аудандық ономастика комиссия отырысының 2008 жылғы 12 маусымдағы № 3 хаттамасының негізінде, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Саға ауылындағы негізгі көшеге Саға атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Қожасай ауылындағы негізгі көшеге Тәуелсіздік атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа он күнтізбелік күнінен кейін енгізіледі.