О признании утратившими силу некоторых актов Верховного Совета Республики Казахстан по вопросам заработной платы Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң еңбекақы мәселелерi жөнiндегi кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес Қаулы Етемiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң мынадай актiлерiнiң күшi жойылған деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақ ССР-i мемлекеттiк өкiмет және басқару органдары басшыларының лауазымдық жалақылары туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 28 маусымдағы № 712-ХII қаулысы;
Тармақша 2
2) "Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң аппараты мен комитеттерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1991 жылғы 30 тамыздағы қаулысы (Хаттама, 1991 ж., № 39, 5-құжат, 1991 ж., № 55, 12-құжат);
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң комитеттерi төрағаларының, хатшылары мен мүшелерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1991 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081-ХII қаулысы (Хаттама, 1991 ж., № 55, 9-құжат);
Тармақша 4
4) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi комитеттерi мен аппараты және Орталық сайлау комиссиясы қызметкерлерiн материалдық ынталандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1992 жылғы 19 наурыздағы қаулысы.
Тармақ ii
II. Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.